Атақты «Титаникті» орындаған Димаш сахнаны жарды (видео)

0

Димаш Құдайберген Бірінші халықаралық кинофестивалде өнер көрсетті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Джеки Чанның ұйымдастыруымен өткен шарада Димаш атақты «My Heart Will Go On» әнін орындады.

«Бірінші халықаралық кинофестивал Джеки Чанның ұйымдастыруымен өтті. Көріскенше. Бірнеше минуттардан кейін сахнада өнер көрсетемін», деп жазды әнші сахнаға шықпас бұрын.

Еске сала кетсек, бүгін Хайнань аралында I Халықаралық кинофестивалдің ашылу рәсімі өтті. Аталмыш шараға әлемге танымал Николас Кейдж, Джульет Бинош, Изабель Юппер, Изабель Аджани және тағы басқалар қатысады.

Айта кетсек, бұл фестивалде Қазақстанның атынан «Айка» фильмі көрерменге жол тартады.

«Қамшы» сілтейді