«Ат қорасы, моторлы қайық бар»: Депутат ұлттық компаниялардың шығынын сынады

0

ҚР парламент сенатында үкімет пен республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есепті қарау кезінде депутат Ольга Перепечина квазимемлекеттік сектордың шығындарын сынға алып, осы шығындарға шек белгілеуді ұсынды.

Депутаттың айтуынша, квазимемлекеттік компанияларда активтерді басқару ұлттық ресурстардың ұлғаюына және олардың әл-ауқатының өсуіне жақсы ықпал етіп жатыр дей алмаймыз, ал квазимемлекеттік сектор субъектілерін жүйелі түрде қаржыландыру оларды қаражатты ұтымды пайдалануға әсер етіп жатқан жоқ.

“Портфельдік компаниялардың жекелеген жобаларға инвестицияларының нәтижелері нөлге жақын. Мысалы, «ҚТЖ» ҰК «АҚ – көлік-логистикақ холдингінде өтелмейтін жобалар барлық іске асырылған жобалардың 75%-ын құрайды, бұл 16 жобаның 12-сі. Сондай-ақ штатта тиісті мамандар бола тұра консультациялық қызметтер алуға басқа ұйымдар тартылған. Бұл ретте бірыңғай әдістеме мен консультанттар ставкаларының құны мен басқа да шығындардың есебі жоқ”, – деп атап өтті сенатор.

Ольга Перепечина аталған әкімшілік шығындарға шектеу қажеттігін айтты.

“Бұдан басқа, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде тән емес активтер бар: моторлы яхта, шаңғы трассалары бар спорттық-сауықтыру кешені, кафе, қонақүй, ат қорасы және басқа да инфрақұрылым. Оларды сатып алуға және күтіп-ұстауға арналған шығындар, коммерциялық пайда әкелмейді. Бәсекеге қабілеттілікке және қаржылық тұрақтылыққа баса назар аудара отырып, портфельді басқару мәселесінде квазимемлекеттік сектордың тиімділігін бағалауды көздеу қажет”, – деп атап өтті депутат.