Асылхан Төлепов шетінеп кеткен ұлына жазба жариялады

0

Былтырғы жылы отандық актер Асылхан Төлеповтің кішкентай ұлы шетінеді. Актер өмірден өткен ұлын түсінде көргенін айтып, оған жазба арнады, деп жазады Kznews.kz тілшісі.

«Құлыншағым, Ахан балам! Сені бүгін түсімде көрдім. Көріп мәз болдым. Сен ойнап, жүгіріп жүрсің. Алпамыс ағаң сені иіскеп, ойнатып жүр екен. «Менің балам тірі» деп айта алмай, адамдарды сендіре алмай жүрмін. Оянып, түс екеніне көзім жетіп, «аяқталмаса екен» деп көңілім түсті. Батырым менің, сені сағындық. Жатқан жерің жайлы болсын! Бәрімізге шапағатшы болуыңды Алла нәсіп етсін», – деп жазды Асылхан Төлепов Instagram парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, актер Асылхан Төлеповтің отбасында қайғылы жағдай орын алып, ұлы шетінеген болатын. Кейінірек актердің жұбайы ұлының қазасына қатысты сауалға жауап беріп, бұл жағдайды дәрігерлердің ескерткенін айтты.