Астанадағы Франция елшілігінің алдында қаза тапқан балалардың портреттерімен акция өтті

0
133

Бүгін Астанадағы Франция елшілігінің алдында Қазақстанның Әзірбайжан диаспорасынан 15-ке жуық әйелдер мен балалардың қатысуымен пикет өтті.

Әзірбайжанның эксклюзивті front TK арнасы хабарлағандай (https://t.me/az_front), акцияға қатысушылар дәл екі жыл бұрын екінші Қарабақ соғысы кезінде Әзірбайжанды зымыран атуынан қаза тапқан балалардың портреттерін ұстап шықты.

Транспаранттарда француз, орыс және қазақ тілдерінде: «Франция өлтірілген Әзірбайжан балаларына мән бермейді!», «Ганджаның өлтірілген балаларына Санкциялар енгізіңіз!» деген лозунгтар жазылған.

Сондай-ақ пикетке қатысушылар сол шабуыл салдарынан қаза тапқан балалардың портреттерін қолдарында ұстап тұрды.

Атап кететін жәйт нақ осы кездері Әзірбайжанның 80-нен астам қалалары мен ауылдары зымыран соққыларына ұшырап, 93 адам қаза тапқан болатын олардың ішінде 27 әйел мен 12 бала (6 айлық, бір жастағы және алты жастағы қыздарды қосқанда).

Қара ленталы баннерлер мен балалар портреттерінен басқа, бүгінгі акцияға қатысушылар әзірбайжан халқының атынан Франция Сенаты мен оның халқына үндеу жолдаған петиция хабары бар плактартарын да алып шыққан. Ол 11 қазанда жалпы Француз петиция сайтында жарияланған Mesopinions.com (https://www.mesopinions.com/petition/politique/appel-nom-peuple-azerbaidjanais-senat-peuple/189012). 25 қазан, яғни орналастырудан тура екі аптадан кейін петицияны қолдауға Әзірбайжан Республикасынан ғана емес, Иран Әзірбайжанынан да 36.000 – нан астам адам дауыс берген (https://t.me/az_front/516).

Петицияны орыс тіліндегі нұсқасы (https://insanoid.com/petisiya-imzalanmasi-rus-versiyasi/) Петицияны қолдауға арналған алғашқы акция 15 қазанда Бакудегі Франция елшілігінің алдында өтті (https://t.me/az_front/139 19-шы Әзірбайжан диаспорасының белсенділері Мәскеудегі Франция елшілігінің алдында пикет өткізді. (https://t.me/az_front/192).

Осылайша, Франция Сенатына үндеу жолдаған петицияны қолдау қозғалысы бүкіл әлемдегі әзірбайжандарды біріктіріп жатыр дәл қазір Әзірбайжан, Иран, Ресей, Қазақстан елдеріндегі жергілікті диаспоралар қолдап отыр.

52 жастағы Ганджалық қоғам белсендісі Кюбра Алакбарова бастаған Әзербайжанның оннан асқан белсенді азаматтары жасаған петицияның өзі 3 қазанда Франция Сенатының алты мүшесінің қарар жобасын ұсынуына реакция болған. (http://www.senat.fr/leg/ppr22-003.html)

Бұл қарарда Үкіметке Әзірбайжанды «Жаппай қылмыстар мен әскери қылмыстар» айыптары бойынша халықаралық сотта ақтауға, сондай-ақ Еуроодақтың Әзірбайжан мұнайы мен газының импортына эмбарго енгізуіне қарсы ұсыныстар мен талаптар қойылған. Осы қарар жобасы бойынша Сенатта дауыс беру 15 қарашаға белгіленіп отыр.

Дауыс беруге қатысуға болатын нұсқаулық (https://insanoid.com/petisiyanin-rus-dilinde-imzalanmasi/) осы сілтемеде орналасқан.

Affront (https://t.me/az_front) — Әзірбайжан мен әзірбайжан диаспорасының  жаңалықтары мен Иран, Түркия және Солтүстік Кавказ айналасындағы ең маңызды оқиғалар юойынша хабар тарататын арна.