Астанада жаңажылдық мерекеде қорқынышты клоун балаладың зәресін алды – видео

0

Астанада өткен шыршада Пеннивайз клоуны балалардың ғана емес, үлкендердің де зәре-құтын қашырған.

Балалар шыршасында түсірілген видеоны Facebook желісіндегі парақшасында Bibinur Moonart есімді қолданушы жариялады.

Әлеуметтік желідегі жазбаларға қарағанда, ертегі секілді мерекеде бұл қорқынышты персонаж болады деп ешкім ойламаған. Шыршаға келген балалар клоуннан кәдімгідей қорқып қалған.

Мереке ұйымдастырушыларының бұл таңдауын Facebook қолданушылары сөгіп тастады. Олар бұл қорқынышты клоунның балалардың мейрамында не істеп жүргенін түсінбей дал.

«Сұмдық», — деп жазды Айнұр Бакиева.

«Естері дұрыс па? Шыршаға бұл персонажды шақыруға бола ма екен? Балалардың бірі қатты қорқып, жылап жіберсе ше?», — деп жазды Ai Nur деген қолданушы.

«Қараудың өзі қорқынышты», — дейді Жанар Үңгітбаева.

Әзірге ұйымдастырушылар жаңажылдық ертегіде қорқынышты клоунның не істеп жүргенін түсіндірген жоқ.

https://www.facebook.com/Bibinur.moonart/videos/2405912146102986/


Дереккөз: https://sputniknews.kz/