Жазғы Паралимпиада ойындарының тарихы — Спорт|30 Желтоқсан 2018, 13:51

0

Фото: интернеттен

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Мүмкіндігі шектеулі жандар спортының жүз жылдан астам тарихы бар. XVIII және XIX ғасырларда мүгедектерді оңалтудың негізгі факторы – қозғалыс белсенділігі екені белгіленіп қойған болатын.

Әлем бойынша мүгедектерді спортқа тартудың алғашқы қадамы 1888 жылы болды. Берлинде құлағы нашар еститін жандарға арналған спорт клубы ашылды. 1924 жылдың 10-17 тамызында Парижде алғаш рет «Құлағы нашар еститін жандардың олимпиада ойындары» болды. Оған Бельгия, Ұлыбритания, Голландия, Польша, Франция және Чехословакияның ресми ұлттық федерацияларының өкілдері қатысты. Италия, Румыния және Венгрияның мұндай федерациялары болмаса да, алғашқы олимпиада ойындарына қатысты. Ойындардың бағдарламасында жеңіл атлетика, велоспорт, футбол, ату және жүзу болды.

Осылайша 1924 жылдың 16 тамызында Құлағы нашар еститін жандардың халықаралық спорт комитеті құрылды. Оның құрамына спортшыларды біріктіретін федерациялар кірді. 1924 жылдан бастап Бүкіләлемдік құлағы нашар еститін жандардың жазғы ойындары әр төрт жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанға дейін оған Германия, Швейцария, Дания, Норвегия, Финляндия, Швеция, Австрия, АҚШ және Жапония кірді. 1949 жылы оған Испания мен Югославия қосылды. Содан соң Халықаралық құлағы нашар еститін жандардың қысқы ойындары да ұйымдастырыла бастады. Мұндай спортшылар жарысының бағдарламасы мен ережесі басқалардан өзгешелеу болды. Төрешілердің қимылы көрініп тұру керек. Мысалға, жарыс басталды деген сигналдың орнына арнайы от жағылатын.

Ал, тірек-қимыл аппараты зақымданған мүгедектер екінші дүниежүзілік соғыстан кейін спортпен белсенді түрде айналыса бастады. 1944 жылы Сток-Мандевильде жұлыны зақымданған сырқаттарды оңалту орталығында кешенді емделудің міндетті бөлігі ретінде арнайы спорттық бағдарлама әзірленді. Оны дайындаған профессор Людвиг Гуттман уақыт өте келе Сток-Мандевиль орталығының директоры және Британия халықаралық тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерді емдеу ұйымының президенті болды.

Одан кейінгі жылдары қатысушылардың саны ғана емес, спорт түрлері де көбейді. Мүгедектер арасында жарыс өткізу идеясын халықаралық қауымдастық қолдады. Ойындар 1952 жылдан бастап жыл сайынғы халықаралық спорт мерекесіне айналды. Нидерланды, ГФР, Швеция, Норвегия спортшылары оған тұрақты түрде қатыса бастады.

Жазғы Паралимпиада ойындары

Алғаш рет Паралимпиадалық ойындар Италияның астанасы Римде 1960 жылдың 18 қыркүйегінде «АкваАцетос» стадионында өтті. Оны бес мың көрермен тамашалады. Жарысқа 23 елден 400 спортшы қатысты. Римдегі ойындар спорттың сегіз түрінен: жеңіл атлетика, жүзу, семсерлесу, баскетбол, садақпен оқ ату, үстел теннисі және т.б. өтті. 57 дисциплинадан медальдар ойнатылды. Жарыстарға жұлыны зақымданған спортшылар да қатысты.

Mandeville Legacy

ІІ Паралимпиада ойындары Жапония астанасы Токиода 1964 жылы жылы өтті. Оған 22 елден 390 спортшы қатысты. Ең көп спортшы Ұлыбритания (70 адам) мен АҚШ-тан (66 адам) келді. Ойындарға арбамен жүру, ауыр атлетика және диск лақтыру секілді спорттың жаңа түрлері қосылды. 144 медаль ойнатылды. Бейресми жалпыкомандалық есепте АҚШ спортшылары үздік атанды. Екінші және үшінші орында Ұлыбритания мен Италия болды.

The Olympians

Бұл ойындардың ең басты ерекшелігі «паралимпиадалық» деп аталуында болды. Алғаш рет паралимпиадалық атрибуттар (ту, гимн және символ) қолданылды. Ал ойындардан кейін Жапонияда бірнеше мүгедек спортшы жұмыспен қамтылды.

paralympic.org

ІІІ Паралимпиадалық ойындар Израильде (Тель-Авив) 1968 жылы өтіп, әлемнің 29 елінен 750 спортшы қатысты. Токиода өткен ойындарға қарағанда бір шама ауқымы ұлғайды. Баскетбол, жүзу және жеңіл атлетика секілді түрлерге бірнеше классификациялық өзгерістер енгізілді. 1968 жылдың қорытындылары бойынша жалпыкомандалық есепте АҚШ бірінші, Ұлыбритания екінші және Израиль үшінші орын иемденді.

IV Паралимпиадалық ойындар 1972 жылы Германияның Хайдельберг қаласында өтті. Оған 44 елден 1000 спортшы қатысты. Ең көп делегациялық құраммен Германия, Ұлыбритания және Франция спортшылары келді. Жарыстың бағдарламасына спорттың жаңа түрлері: голбол, көзі нашар көретін спортшылар арасында 100 м жүгіру т.б. қосылды. Бұл Ойындар барысында әлемдік рекордтар орнатылды. Ал ең көп медальді америкалық және германиялық спортшылар қазанды. Олардан медаль саны бойынша үлкен айырмашылықпен Оңтүстік Африка Республикасы (ОАР) үшінші орыннан көрінді.

Канаданың Торонтосында 1976 жылда өткен V Паралимпиада ойындарына 42 елден 1600 спортшы (253 әйел) қатысты. Оған ОАР спортшыларының қатысуына қарсы шеру ретінде бірнеше елдің өкілдері келмеді. Алғаш рет аяғына ампутация жасалған 261 спортшы және көзі нашар көретін 167 атлет жарысқа шықты. Бейресми жалпыкомандалық есепте АҚШ құрамасы бірінші орын, Нидерланды мен Израиль екінші және үшінші орынды иемденді.

VI Паралимпиадалық ойындар Нидерландының Анхем қаласында 1980 жылы өтті. «Папендаль» стадионына 12 мың көрермен келді. 42 елден 2500 спортшы қатысты. Алғаш рет волейболды отырып ойнау Паралимпиадалық ойындар бағдарламасына қосылды. Көзі нашар көретін спортшылардың голболы паралимпиадалық спорт түрі болып бекітілді. АҚШ, Германия және Канада спортшылары үш орынды бейресми жалпыкомандалық есепте қазанды.

VII Паралимпиадалық ойындар 1984 жылы Америка мен Еуропада өтті. 41 елден келген 1780 адам Нью-Йорктегі және 45 елден келген 2300 спортшы Сток-Мандевилдегі ойындарға қатысты. Бұл ойындар туралы АҚШ үкіметінің ақпарат агенттіктері, Би-Би-Си компаниясының, голландиялық, неміс және швед телеарнасының өкілдері ақпарат таратты.

VIII Паралимпиадалық ойындар Оңтүстік Кореяның астанасы Сеул қаласында 1988 жылы өтті. Бұл ойындарға 3053 спортшы келіп, рекорд орнатты. Сонымен қатар, ойындарға алғаш рет КСРО командасы қатысты. Спортшылар, жаттықтырушылар және техникалық персонал арнайы салынған 10 үйдегі 1316 пәтерге жайғастырылды. Халықаралық координациялық комитет президенті Джеймс Броман Ойындарда жаңа паралимпиадалық ту ұсынды. Бағдарламада спорттың 16 түрі болды. Арбада отырып теннис ойнау алғаш рет осы жарысқа қосылды. Бейресми жалпыкомандалық есепте АҚШ (268 медаль), Германия (189 медаль) және Ұлыбритания (179 медаль) алғашқы үш орынды иемденді.

IX Паралимпиадалық ойындар 1992 жылдың 3 қыркүйегінде Испанияның Барселона қаласындағы олимпиадалық стадионында салтанатты түрде ашылды. Оны 65 мың көрермен тамашалады. 90 делегация салтанатты парадқа қатысты. Олимпиадалық ауылға 3 мыңға жуық спортшы мен жаттықтырушы, ресми өкіл және менеджерлер жерлесті. Спортшыларға қажетті медициналық қызмет көрсету ұйымдастырылды. 12 күн бойы ойыншылар спорттың 15 түрінен жарысқа түсті. 1,5 млн көрермен түрлі ойынды тамашалады. 3020 спортшы қатысып, 279 рет әлемдік рекорд жаңарды және 431 алтын медаль сарапқа салынды. Барселонадағы Паралимпиадалық ойындардан кейін Мадридте ақыл-есінде кемшілігі бар спортшылар арасында жарыс ұйымдастырылды.

Х Паралимпиадалық ойындар АҚШ-тың Атланта штатында 1996 жылы ұйымдастырылып, 103 елден 3195 спортшы (2415 ер адам, 780 әйел) және 1717 делегация өкілі қатысты. Тамыздың 16-25 аралығында өткен ойындарда спорттың 20 түрінен жарыс болды. Паралимпиаданың ашылу және жабылу салтанатына 60 мың адамнан қатысты. Жарыс туралы ақпарат тарату үшін аккредитация жасаған 2088 журналист болды.

XI Паралимпиадалық ойындар 2000 жылы Австралияның Сидней қаласында өтті. Оған 127 елден 3843 спортшы, 2000 ресми өкіл, 1300 бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі, 1000 техникалық қызметкер, Халықаралық және ұлттық комитеттерден 2500 қонақ және 10 мың волонтер қатысты.

XII Паралимпиадалық ойындар Грециядағы Афиныда 2004 жылдың 17-28 қыркүйегі аралығында өтті. 136 елден келген 3800 атлет 11 күн бойы Паралимпиада медаліне таласты. Ресей құрамасы 16 алтын, 8 күміс және 17 қола алып, жалпыкомандалық есепте 11-орын алды. Соңғы жеңісті қытайлық атлеттер алды. Олардың қоржынына 141 медаль түсіп, 63 алтын жүлде болды. Екінші орынды Ұлыбритания, үшіншіні Канада иемденді.

XIII Паралимпиада 2008 жылы қыркүйектің 6-17 аралығында Қытайдың астанасы Бейжіңде өтті. Оған 4 мыңнан астам спортшы қатысты. Әлемнің 148 елінен спортшы келді. Команда құрамы ең көбі Қытай құрамасы болды. Олар 332 спортшысын жарысқа шығарды. Ресей 145 атлетін қатыстырды. Жалпыкомандалық есепте Қытай құрамасы 211 медальмен – 89 алтын, 70 күміс, 52 қола жүлдемен көш бастады. Екінші орында британиялықтар (42-29-31), үшінші орынды америкалықтар (36-35-28) иемденді.

XIV Паралимпиадалық ойындар Ұлыбритания астанасы Лондонда 2012 жылдың 29 тамызы мен 9 қыркүйегі аралығында өтті. Бұл Паралимпиадалық қозғалыс тарихындағы ең ірі жарыс болды. Оған 166 елден 4200 спортшы қатысып, спорттың 20 түрінен медальдің 503 жиынтығы үшін таласты.

Қытай спортшылары 95 рет алтын медаль игерінің тағына көтеріліп, 71 рет екінші, 65 рет үшінші орынды иемденді.

XV Паралимпиада ойындары Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтті. Қазақстан паралимпиадалық қозғалысында тарихи жаңалық болды. Ел спортшылары алғаш рет Паралимпиада жүлдегерлері атанды. Жүзуден Зүлфия Ғабидулина алтын медаль алса, Раушан Қойшыбаева пауэрлифтингтен күміс медаль қанжығалады.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ