Жексенбі қар жауады, жел күшейіп бұрқасын соғады

0

2018 жылғы 30 желтоқсан 00:04 362

Ауа райы: Жексенбі қар жауады, жел күшейіп бұрқасын соғады

АСТАНА. ҚазАқпарат — 30 желтоқсанда жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, қар жауады. Еліміздің кей жерлерінде көктайғақ болады, тұман түседі, бұрқасын соғып, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жамбыл облысының кей жерлерінде жылдамдығы секундына 15-20 метр жел соғады, түнде және таңертең екпіні 23-28 м/с күшейеді, тұман түседі, көктайғақ болады. 

Түркістан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді, тұман түседі, көктайғақ болады, бұрқасын соғады. 
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, Жарма ауданында желдің 25 м/с күшейеді. 
Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында жел күшейеді, жылдамдығы 20-25 м/с болады. 
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғады, жел 15-20 м/с күшейеді. 
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с соғады, бұрқасын болады. 
Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. 
Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

 

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz