Домой Жаңалықтар Астанада «Тәуелсіздік – ел ұраны» атты мерекелік концерт өтті

Астанада «Тәуелсіздік – ел ұраны» атты мерекелік концерт өтті

0
40

Елордада Бейбітшілік және келісім сарайында Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында «Тәуелсіздік-ел ұраны» атты гала-концерт өтті. Кеште елордалық мәдениет мекемелерінің әртістері, сондай-ақ арнайы шақырылған қонақтар өнер көрсетті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

ҚР Тәуелсіздік күніне арналған гала-концертке ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Астана әкімі Жеңіс Қасымбек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.

Қала тұрғындары үшін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған көрмелер ұсынылды. Олардың бірін – «Алаш» қозғалысының тарихына және оның өкілдеріне арналған – Астананың Біріккен мұражайлар дирекциясы ұйымдастырды. Түрлі кітаптардан тұратын екінші көрмені орталықтандырылған кітапхана жүйесі дайындады.

«Тәуелсіздік – ел ұраны» – қоғамға Тәуелсіздіктің құндылығын, қазақстандықтардың бүгінгі күнге дейін жүріп өткен тарихи жолын тағы да еске салатын іс-шара. Гала-концерт азаматтардың патриоттық рухын, олардың еліміздің шығармашылығы мен мәдениетіне деген қызығушылығын, сондай-ақ Қазақстан халқының ұлттық рухын нығайтуға бағытталған.

Концертте көрермендерге елордалық мәдениет мекемелерінің – мемлекеттік академиялық филармония, «Жастар» театры, «Наз» мемлекеттік би театры, «Nomad» мемлекеттік драма және комедия театры, «Қанаттылар» инклюзивті театрының шығармашылығы ұсынылды. Кеште Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халық әншісі Айгүл Қосанова және отандық эстрада жұлдыздары Қуандық Рахым, «КЕШ YOU» тобы өнер көрсетті.

«Наз» мемлекеттік би театрының әртістері мерекелік кешті «Ғасырлар үн» прологымен ашты. «Жастар» театры актерлерінің «Желтоқсан құрбандарына арнау» поэтикалық композициясы арқылы Қазақстан тәуелсіздігі үшін күрескен жандардың қайғылы тағдырларын сомдады. Көрермендер «Сәлем саған беремін» лирикалық әнін ҚР еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Қосановамен бірге Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік Академиялық филармониясының қазақ оркестрінің сүйемелдеуімен шырқады.

«Қанаттылар» театрының репертуарынан шыққан «Қыз жылаған» романтикалық қойылымы мүгедек қыздың махаббат оқиғасын бейнеледі. Bala time балалар студиясының ансамблі «Біз бәріміз теңбіз» нөмірімен жер бетінде бейбітшілікті сақтаудың маңыздылығы туралы ән айтып, мейірімділік танытуға шақырды. Музыкалық жас көрермен театрының интерпретациясында Шәмші Қалдаяқовтың «Қазақ вальсінің патшасы» жанды әндерінің попурриі өткенге саяхат жасап, әнсүйер қауымды ерекше сезімге бөледі.

Қуандық Рахым ұлттық рухани құндылықтарды дәріптейтін «Мен қазақпын» және «Қазақтың ұлымын» әндері шырқады. Әйгерім Ораз, Айдын Жұмабай сахнада эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен «Астана махабатым менің» атты танымал туындыларын орындады.
Концерттің соңында Алтынбек Арыстанбек, Ақбота Құснадин, Мұратбек Хайролда және Диана Маеваның орындауындағы «Қазақстан» әнін шырқады.

Кештің түрлі бағдарламасына тек музыкалық шығармалар мен билерді орындау ғана емес, сонымен қатар театрландырылған қойылымдар, поэтикалық композициялар, сондай-ақ оркестрдің қойылымы енді. Сол сияқты әртістер Ғарифолла Құрманғалиев, Айтқали Жайымов, Бақытжан Байқадамов және т.б. танымал және еңбек сіңірген қайраткерлердің композицияларын орындады.