Астанада көпқабатты үйден шыққан өрттен 25 адам құтқарылды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Құтқарушылар тұрғын үйден 50 адамды эвакуациялады, олардың 12-сі — балалар

АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Астанадағы тоғыз қабатты тұрғын үйден өрт сөндірушілер 25 адамды құтқарды, олардың төртеуі – балалар, деп хабарлайды төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

«Бүгін 10 наурызда сағат 11:16 кезінде Құдайбердіұлы 31/1 мекенжайы бойынша орналасқан үйден өрт шыққаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жеті минутта жеткен өрт сөндірушілер тоғыз қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында 20 шаршы метр жатын бөлмеде жиһаз бен үй заттары өртенгенін анықтады», — делінген хабарламада.

Қалың түтін салдарынан адамдарға қауіп төніп, өрт сөндірушілер бірден құтқару шарасына кіріскен. Автобаспалдақтың көмегімен 25 адам құтқарылды, олардың төртеуі балалар. Ғимараттан елу адам эвакуацияланыпты, арасында 12 бала бар.

Өрт 11.33-те ауыздықталып, сөндірілді. Себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 25 адам және жеті техника жұмылдырылған.



sputniknews.kz