«Реалдағы» болашақ туралы: Мен гипотетикалық сұраққа жауап бере алмаймын

0

 

«Реал Мадридтің» бас бапкері Сантьяго Солари Ла Лиганың 
27-ші турына арналған баспасөз мәслихатында бірнеше
сұрақтарға жауап берді.
«Команда келесі матчқа кәсіби дайындықпен келеді. Бұл ойын да 
Испания чемпионатында басқа ойындар сияқты күрделі болады, бірақ
маусымды жақсы аяқтау үшін ұпай жинап жалғастыруымыз керек.

Серхио Рамос бізбен бірге барады, және менің ойымша бұл жақсы. Ол
клубтың атынан шығады, ол бізбен бірге болғаны қандай жақсы. Искоға
келер болсақ, біз команда құрамындағы барлық мәселелерді ішінара
өзіміз шешеміз. Тәжірибе алу үшін, әрқашанда дайын болу керек.

Келесі маусымға гипотетикалық жоспарлар жасай аламын ба? Мен 
гипотетикалық сұраққа жауап бере алмаймын.
Жанкүйерлерге не айтайын? Қазір клуб күрделі кезеңді бастан кешуде. 
Сіз өзіңіздің жұмысыңызды жалғастыра беріңіз, мен өзімдікін
жалғастырамын. Жанкүйерлерге қиын, себебі «Реал» жеңістерге үйренген.
Клуб керемет кезеңнен өтті, ал сәтсіздіктерден кейін барлық адамдар
қайғырады», - дейді Солари.
«Вальядолид» - «Реал» ойыны 10 наурызда өтеді және Астана уақытымен 
01:45-те басталады.
 
 
 
 



Дереккөз: prosports.kz/kz