Арыстанбек Мұхамедиұлы Instagram желісіндегі алғашқы жазбасында Димашпен бірге түскен суретін жариялады — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы әлеуметтік желілерде аккаунт ашты. Ол Instagram желісіндегі алғашқы жазбасында Әлібек Дінішев және Димаш Құдайбергенмен түскен суретін жариялаған, деп хабарлайды Stan.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арыстанбек Мұхамедиұлы

Министр Instagram, Twitter және Telegram әлеуметтік желілерінде аккаунт ашып, алғашқы жаналықтармен бөлісті. 

«Достарым, сіздерге Instagram желісінен сәлем жолдаймын! Еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған мемлекеттік делегация құрамында Ташкент қаласындамын. Екі ел басшылары Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу салтанатына қатысады. Суретте репетиция сәті бейнеленген», — деп жазды алғашқы жазбасында министр.

Instagram, Twitter және Telegram әлеуметтік желілерінің қолданушылары министрдің аккаунтына жазылып, министрдің қызметі, оның кездесулері мен келіссөздері жайлы оперативті жаңалықтар ала алады.

Арыстанбек Мұхамедиұлының Instagram желісіндегі парақшасы — arystanbekmukhamediuly. Twitter желісінде — mukhamediuly, Telegram-да — mukhamediuly.



stan.kz