Арыста алты адамнан тұратын отбасы коронавирус жұқтырды

0

Түркістан облысында тағы бірнеше адам індетке шалдықты, COVID-19 жұқтырған отбасында екі кәмелетке толмаған бала бар

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір — Sputnik. Бір отбасының мүшелерінен коронавирус инфекциясы табылды, олардың ең жасы 10 жаста, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«1965, 1987, 1989, 1998 , 2004 және 2010 жылы туған бір отбасының мүшелері коронавирус жұқтырды. Олардың барлығы Арыс қаласының Наурыз шағын ауданында тұрады», — деп хабарлады әкімдік.

Соңғы мәлімет бойынша Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 43 адамға жетті.

Сонымен қатар Бәйдібек ауданындағы Мыңбұлақ ауылының 1987 жылы туған тұрғыны COVID-19 вирусын жұқтырған азаматпен жақын байланыста болған. 

Оқи отырыңыз: Ақмола облысында коронавирус індетінен бір адам көз жұмды

Жалпы облыс бойынша Жетісай ауданында 14 адам тіркелген, оның ішінде 1956 жылғы азамат 4 сәуір күні қайтыс болды. Сондай-ақ, Кентауда 5, Ордабасы ауданында  2, Сайрам ауданында  2, Мақтарал ауданында  4, Арыста 14, Сарыағашта 1, Бәйдібек ауданында 1 тұрғын індетке шалдыққан.

Барлық науқастың жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ. Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, тиісті ем қабылдауда.



sputniknews.kz