Тағы бір адам Ақмола облысында COVID-19-дан қайтыс болды — Қазақстан жаңалықтары

0

Ақмола облысында тағы бір адам COVID-19-дан қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

  коронавирус  Ол 1936 жылы туған науқас екендігі хабарланды.

Осылайша, Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар саны 12-ге дейін өсті, олардың төртеуі Ақмола облысында емделген.

Еске салсақ, аймақтағы қарттар үйінің бірінде COVID-19 індетінің жұқтыруы тіркелген. Бұған дейін бұл мекемеде 36 адам вирус жұқтырған және коронавирустан екеуі қайтыс болған деп хабарланған болатын.

Сонымен, 2 сәуірде мұнда 73 жастағы ер адам, ал 6 сәуірде 91 жастағы әйел қайтыс болды.

Осы уақытқа дейін елімізде коронавирус жұқпасының 979 жағдайы тіркелді.

stan.kz