Армения премьері Пашинянның Қытайға сапары басталды

0

14-16 мамыр аралығында Армения премьер-министрі Никол Пашинянның Қытайға сапары басталады. Армения үкіметі Пашинян Пекинде Қытай президенті Си Цзиньпин және Қытай премьер-министрі Ли Кэцянмен кездеседі деп хабарлады. Бұған қоса ол «Азия елдерінің өзара диалогы» конференциясына да қатысады.

Өткен аптада Қытай шенеуніктері Пекинде 15 мамырда конференцияның ашылуында Си Цзиньпин сөз сөйлейді деп хабарлаған.

Қытай ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл шараға 47 елдің өкілдері қатыспақ.

Azattyq