Археолог Карл Байпақовпен қоштасу 26 қарашада өтеді

0
23 Қараша 2018, 19:03 108 0

Астана, BAQ.KZ. Бүгін дүниеден өткен белгілі ғалым, археолог Карл Байпақовты 26 қараша күні Алматыда ақтық сапарға шығарып салады.

«Достар! Біртуар ғалым Молдахметұлы Карл Байпақовпен қоштасу рәсімі дүйсенбі, 26 қараша күні Алматыдағы Ғалымдар үйінде өтеді. Жаназа сағат 10.00-де басталады», — деп жазды Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Фейсбук парақшасында.

Белгілі ғалым, археолог, тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҒА академигі, Карл Байпақовтың қайтыс болғаны туралы қаралы хабарды бұған дейін жазған болатынбыз.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:


Дереккөз: BAQ.KZ