Әңгіме: Математика физика және информатика пәндер апталығының анықтамасы

0
Алматы облысы, Іле ауданы, «№12 орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде өткен
«Математика, физика және информатика» пәндер апталығының анықтамасы

21 қараша мен 26 қараша аралығында мектепте 5-11 сыныптар арасында «Математика, физика және информатика» пәндер апталығы өткізілді. Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы өтті. Ашық сабақтар, интеллектуалды сайыстар, кештер өз деңгейінде өтті. Осы жылы бірлестікпен жоспарланған ашық сабақтар мен мектепішілік сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді.

Бірлестіктің апталық жоспарымен таныстыру мақсатында алғашқы күні «МИФ әлеміне саяхат» деген тақырыпта апталықтың ашылуы өткізілді. Пән болып киінген оқушылар шығып тақпақтар оқыды, математикалық ертегіден көрініс көрсетті. Кеш өте қызықты өтті.

Апта бойы атқарылатын жұмыстар әр сыныпқа бөлініп берілді. Жоспар бойынша математика, физика және информатика пәндерінен ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар өткізілу жоспарланды.

22.11.2016ж. күні информатика пәнінен Асанбаева Маржан «Мәтіндік процессор жайлы жалпы мағлұмат» деген тақырыпта 6″а» сыныбында ашық сабақ өткізді. Сабақ қазіргі заман талабына сай интерактивті тақтаны қолданумен өткізілді, сабақта Мәтіндік процессор word туралы оқушыларға көптеген түсініктер берді.

Сабаққа бірлестік мұғалімдері қатысып талдау жасады. Сабақта толық жоспар жүзеге асырылып, мақсатына жетті, қатысушы ұстаздардың көңілінен шықты.

24.11.2016ж күні физика пәнінен Ербазарова Қаламқас «Дене импульсі материалық нүктеде импульстің өзгеруі. Денелер жүйесі. Импульстің сақталу заңы» деген тақырыпта 9б сыныбында ашық сабақ өткізді. Сабақ қазіргі заман талабына сай интерактивті тақтаны қолданумен өткізілді, сабақта Дене импульсі материалық нүктеде импульстің өзгеруі. Денелер жүйесі. Импульстің сақталу заңы туралы оқушыларға көптеген түсініктер берді.

Сабаққа бірлестік мұғалімдерімен қатар орыс тілі пәнінің мұғалімі Отарова Алтын мен биология пәнінің мұғалімі Маямерова Айнур қатысып талдау жасады. Сабақта толық жоспар жүзеге асырылып, мақсатына жетті, қатысушы ұстаздардың көңілінен шықты.

Келесі ашық сабағымызды геометрия пәнінен «Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі» атты ашық сабақты 8″ғ» сыныбында Ибраимова Айымхан Абдикаримқызы өткізді. Оқыту материалының мазмұны сынып ерекшелігіне сай сауатты жоспарланған. Оқушылардың математикалық тілдерін дамытуда да мұғалім жақсы жұмыс көрсете білді. Интер белсенді тақтаның көмегімен оқушылар тікбұрышты үшбұрыш сызуды, сызғышты қолдана білуді үйренді.

Ашық сабақтың жалғасын сол күні Информатика пәнінінің мұғалімі Утжанова Жамила 6б сыныбымен Алгоритм тақырыбында практикалық жұмыс жүргізумен жалғастырды. Сабақ барысында СТО технологиялары, тренинг, сергіту сәті тиімді қолдана білді. Оқушылардың шығармашылық деңгейін тексеру мақсатында бірнеше жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ оқушылар білімін бағалауда «білім ағашы» стратегиясы оқушыларға өте қызықты болды. Сабақ өз дәрежесінде өтті.

Келесі ашық сабағымызды физика пәнінен 7″б» сыныбында Умбеталиева Сауле «Бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық» тақырыбында өтті. Ашық сабақта интерактивті тақта толығымен қолданылды. Сабақта балалар тиянақты теориялық білімді есептер шығаруға қолдана білді. Оқыту материалының мазмұны сынып ерекшелігіне сай.

5″в» сыныбымен Уйсінбаев Сұлтан математика пәнінен «Жай және құрама сандар» деген тақырыпта ашық сабақ өткізді. Оқыту материалының мазмұны сынып ерекшелігіне сай А, В, С деңгейлі болып сауатты жоспарланған.

Келесі ашық сабақты 26.11. 2016ж. күні бірлестігіміздің жас маманы Сарсенбаев Рустем 7″б» сыныбында «Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу» тақырыбында өткізді. Сабақта балалар теориялық білімді есептер шығаруға қолдана білді. Жас маман болғандықтан сабаққа ескертулер болды атап айтқанда: сабақтың әр этапында оқыту материалдарының мазмұны біртекті болып қайталана берді. Дегенімен де балалар сабақты жақсы түсініп, есептер шығарды.

Сыныптан тыс сабақтарға тоқталатын болсақ:

23.11.2016ж. «ХХІ ғасыр көшбасшысы» деген тақырыпта 9 «а», «б», «в» сыныптар арасындағы математикалық сайысты Бердібаева Минера өткізді топтары арасында өткізілген интеллектуалды шоу болды. Сайыс таныстыру, логикалық сұрақтар, капитандар сайысы, әртүрлі танымдық ойындардан тұрды. Топтар өз тарапынан білімдері мен зеректілігін көрсете отырып осы турлардан сүрінбей өтті. Үш топ та білімдерінің бірдей екенін көрсетті.

22.11.16 ж. 8 «а», «ә», «б», «ғ» сыныптар арасындар физика пәнінің мұғалімдері Ербазарова Қаламқас пен Умбеталиева Сауле «Талантыңмен таныл» деген тақырыпта физика сайысын өткізді. Сайыс өте тартымды өтті. Сайысқа қатысушы оқушылар өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсете білді. Сайысты тамашалаушы ұстаздар да осындай мерекеге ризашылықтарын білдірді..

Соңғы күні апталықтың қортындысы өткізілді. Апталық іс-шараларына қатысқан ұстаздар, өз пікірлерін айтты. Пікірлер бойынша іс-шаралардың жетістіктері мен кемшіліктері білдірілді.

Апта бойы сайысқа қатысып белсенділік танытқан оқушылар марапатталды.

«Математика, физика және информатика» пәндер бірлестігінің жетекшісі: Асанбаева Маржан