Ақтөбеде таксист оқушыны қағып, оқиға орнынан қашып кетті
Ақтөбеде такси жүргізушісі 12 жастағы қызды қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы Ақтөбе қаласындағы 12-шағынауданда болды. Қыз бала жолдан өтіп бара жатқанда оны көлік қағып, жүргізуші тоқтамастан қашып кеткен. Оқушы ауруханаға түсті.
«Полиция қызметкерлері жедел қимылдап, көлік жүрзушісін ұстау операциясын ұйымдастырды. 59 жастағы такси жүргізушісі қолға түсті. Сараптама жасалып, жүргізушінің ішімдік ішпегені анықталды. Тергеу жүріп жатыр», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.