Home Жаңалықтар ШҚО-да жоғалып кеткен 2 жасар баланың денесі табылды

ШҚО-да жоғалып кеткен 2 жасар баланың денесі табылды

0
731
Фото: ШҚО ПД

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жоғалып кеткен екі жасар баланың мәйіті табылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияға кәмелетке толмаған Арсен Киселевтің анасы жүгінген. Айтуынша, бала жұмада күндіз әдеттегідей аулаға ойнауға шыққан, бірақ біраз уақыттан кейін жоғалып кеткен.

Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін Өскеменнен қосымша Полиция департаментінің және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ кинологтар келгені хабарланды.

«Полиция қызметкерлерінің бала өзенге жақындап, суға түсіп кетуі мүмкін деген болжамы болды, бұған су қоймасының жағасында табылған іздер дәлел. Одан әрі баланың мәйітін полиция қызметкерлері өзен арнасын тінту барысында ықтимал құлау орнынан бір шақырым қашықтықта тапты», – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Қазіргі уақытта кеңейтілген ауқымды іздеу операциясы тоқтатылды.

Бұған дейін еріктілер 9 сәуірде кешке Риддерде екі жасар Арсений Киселевтің жоғалғаны туралы хабарлаған болатын.

1$, 5$, 10$... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету