Ақтөбеде полиция бөлімшесінде еден астынан граната табылды

Ақтөбеде полиция бөлімшесіндегі жөндеу жұмыстары кезінде еден астынан граната табылды. Бұл жөнінде облыстық полиция департаменті мәлімдеді деп хабарлайды Диапазонға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ria.ru
Жарылғыш затты Алматы аудандық №2 бөлімшесінен жұмысшылар тауып алған.
Аумақ бірден қоршауға алынып, ғимарат ішінен жүздеген адам эвакуацияланды. Оқиға орнына келіп жеткен әскери-инженерлік қызметкерлер гранатаның тұтандырғышсыз екенін анықтады.
Жарылғыш затты жою үшін тәркіледі.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар