Литвада «Ресей барлау қызметіне жұмыс істеді» деген күдікпен бірнеше адам ұсталды

0

Литваның бас прокуроры Эвалдс Пашилис 19 желтоқсанда өткізген баспасөз конференциясында Ресей барлау қызметіне жұмыс істеді деген күдікпен бірнеше адамның ұсталғанын мәлімдеді.

Ұсталғандар арасында ресейлік социалистік халық фронтының бұрынғы төрағасы Альгирдас Палецкис те бар. «Ол қазан айынан бері қамауда отыр» деді бас прокурор.

Дегенмен Пашилис нақты неше адамның ұсталғанын айтпады. Оларды қамауға тінту кезінде табылған қару негіз болған. Литваның мемлекеттік қауіпсіздік қызметіне сілтеме жасаған ресейлік БАҚ ұсталғандар «Литвадағы саяси процестерге ықпал етуді көздегенін» жазды.

Оқи отырыңыз: Чехияның арнайы қызметі Кремльден қауіптенеді

Бұған дейін Ресей үшін тыңшылық жасады деген күдікпен Еуропаның өзге елдерінде де бірнеше азамат ұсталған. Қараша айында Австрияда Ресей тыңшысы болуы мүмкін деген күдікпен бұрынғы әскери қызметкер ұсталған. Қыркүйек айында Норвегия полициясы әуежайдан заңсыз ақпарат жинаумен айналысты деген күдікпен Ресей азаматын ұстаған. 3 желтоқсанда Чехияның қауіпсіздік қызметі арнайы есеп жариялап, Ресейді сыртқы істер министрлігіне жасалған кибершабуыл үшін айыптаған.

Дереккөз: Азаттық