Ақтөбеде адам тағдырын өзгертетін ерекше емші тұрады – Қазақстан жаңалықтары

0
76

Халық емшісі Жанарыс Енсеповтің есімі тек қазақ халқына ғана емес, алыс-жақын шетелдерге етене таныс. Ақтөбеде көп дертке шипа болған емші ретінде танымал Жанарыс Енсепов өзінің ерекше таланты мен емделушілеге қоятын талаптары туралы Stan.kz сайтына баяндап береді.

«Маған көп жағдайда, дәрігерлер күрделі диагноз қойып, одан жазыла алмаған науқастар келеді. Бірақ кез-келген науқасты қабылдай бермеймін. Келушілер мен қойған талапқа бағынуы тиіс. Ол талап – темекі шекпеу, арақ ішпеу, есірткі заттарды тұтынбау, шошқа етін (шұжық) жемеу, өзінің ата-бабалары туралы мәліметтерді білу, дәрігер диагнозын анықтайтын құжаттарының болуы. Меніңше бұл тым қатал талап емес. Әрбір мұсылман баласы біз атап өткен жат қылықтардан аулақ болуға тиісті деп ойлаймын» – дейді Жанарыс Енсепов.

Жанарыс Жақсылықұлы науқастардың түсіне ене отырып, күндіз-түні ем жүргізеді екен. Бастысы – дендеріне саулық сұрап келген жандардың, әуелі Аллаға, одан соң ол кісінің еміне деген сенімі маңызды. Ем алу барысында науқастар дертінен құлан таза айығып қана қоймай, бүкіл жан дүниесін тазартып, рухани тұрғыдан күш-қуат алып қайтады.

Жанарыс Енсеповты алыстан іздеп келетін әйелдердің басым бөлігі – балалы болып, ана атануды армандайтындар. Емнен кейін, құрсақ көтеріп, нәрестелі болып, қайта алғыс айтуға келіп жатады екен.

Мәселен, атыраулық Ақкенже Жұмағалиеваны жатыр миомасының ісігі мазалаған. Дерті асқынғаннан кейін дәрігерлер науқастың жатырын операция арқылы алып тастаған. Бұл әрине, тұрмыс құрып, ана бақытын сезініп көрмеген бойжеткен үшін ауыр қасірет еді. Кейін әжесі Жанарыс Жақсылықұлына әкеліп, ем алады. Араға аз уақыт салып, жатыры қайта қалпына келеді. Осындай кереметке куә болған оның қуанышында шек болмады.

Қостанайлық Мәншүк Қалмұрзаеваға дәрігерлер бауырының көлемінің ұлғайғанын, талақта кистаның барын және ұйқы безі мен асқазанның тұсында ұйыған қанның бар екенін айтып, шұғыл түрде облыстық онкологиялық емханаға бару қажеттігін ескертеді. Осындай қысылтаяң шақта Мәншүк Жанарыс емші туралы естіп, ол кісіден ем алуға Ақтөбеге жол тартады. Ем жүргізу барысында халық емшісі оған қылтамақ диагнозын қояды. Жиырма күндей тамағынан ас өтпейтін күйге түскен Мәншүктің қылтамақ екенін дәрігерлер білмеген. Атаның емінен кейін жоғарыда аталған дерттің барлығынан толыққанды жазылып, тамақ жеп, өзінің қалыпты күйіне түскен.

Арнайы Stan.kz үшін 

stan.kz