Білім министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім комитетіне жаңа төраға келді

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Майра Мелдебекова жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қызылорда облысы білім басқармасының басшысы болған

НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан – Sputnik. Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы болып Майра Мелдебекова тағайындалды, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Майра Мелдебекова 1971 жылы Қызылорда облысында туған. 1993 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Физика және информатика оқытушысы» мамандығы бойынша бітіреді. 

Еңбек жолын 1988 жылы Қызылорда облысындағы «Жас сұңқар» пионерлер лагерінде тәрбиеші болып бастайды.

Тағы оқыңыз: Қазақстанның алты өңірінде басшылар ауысты

1993-2005 жылдар аралығында Шымкент қаласы, Алматы мен Шығыс Қазақстан облысындағы орта мектептерде қазақ тілі, математика және информатика пәнінің мұғалімі болған.

2005-2018 жылдары білім және ғылым министрлігінде түрлі басшылық қызметтер атқарды. 

2018 жылдан бері Қызылорда облысы білім басқармасының басшысы болды.



sputniknews.kz