Ақтауда полиция жабылып іздеген әйел құрбысының үйінде отырған
![](https://kznews.kz/wp-content/uploads/2021/01/1610163743.30.08.jpeg)
Сурет: Маңғыстау облыстық ПД
Бір апта бұрын жоғалған әйелдің туыстары полицияға жүгінді. Әйел адам құрбысының үйінде болған екен, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Еске салсақ, Ақтау тұрғыны 1 қаңтар күні жоғалған еді.
Оның туыстары полициядан көмек сұрады. Қылмыстық полиция бөлімі қызметшілерінің көмегімен 8 қаңтар күні құрбысының үйінде отырған жерінен табылды.
«Қазіргі сәтте ол үйіне аман-есен оралды. Жеке өмір болғандықтан, істің анық-қанығы айтылмайды», — деп қосты ведомство қызметіндегілер.