Елбасы: Менің осы мемлекетті құрғаным — факт

0
1044
Сурет: gazeta.ru

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев елорда атауының өзгеруіне қатысты пікір білдірді. Сондай-ақ, ол мемлекетті құруды елеулі еңбегі сіңгенін жасырмады.

«Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Парламент қала атауын өзгертуді, Нұр-Сұлтан деп атау туралы ұсынысын жасады. Мен еске салып қояйын, оның атауы Акмолинск немесе Ақмола болған. Оны әлемге таныстырдық, қонақтарды шақырдық. Қазақ тілінде Акмолинск, Ақмола әрқалай, әлде бұл қате талдау сияқты. Бұдан арылу үшін Астана деп өзгерту туралы ой пайда болды. Пекин де солтүстік астана дегенді білдіреді. Токионың да мағынасы елорда. Астана – қазақ тілінде елорда, тавтология, бірақ халыққа бірден сіңіп кетті, әлем қабылдады.

Естеріңізде болса, ұлықтау рәсімінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұсыныс жасады: осы қаланы құрған адамға, құрылысына ұйытқы болған адамға Нұр-Астана немесе Нұр-Сұлтан деп атауын өзгертейік деп ұсыныс жасады. Қалаға қарасам, сол жағалауда ашық даланы көретінмін. Ештеңе жоқ еді, қазір Экспо тұрған жерде картоп егісі болған, қырыққабат өсірген. Ештеңе болмады. Енді осындай қалаға айналды, жұртты тәнті етеді, қазақстандықтарды қуантады», – деді ол.

Сондай-ақ, «Менің ойымша, бұл мемлекетті басынан бастап құрғаным факт» деп қосты Елбасы.