Home Басты тақырып Назарбаев: Абай мектебін менің атыма қалай ауыстыруға болады? Бұл сөзсіз қате

Назарбаев: Абай мектебін менің атыма қалай ауыстыруға болады? Бұл сөзсіз қате

0
2592
Фото: Н.Назарбаев

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елорда атауын ауыстыруға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

«Президент қызметінде болғанымда мен бұған әрқашан қарсы болып, түбегейлі тыйым салғанмын. Тәуелсіздіктің әр күні немесе менің туған күнімде менің атымды көшеге, мектепке бергісі келгендер болды. Мен тәмамдаған Абай мектебін менің атыма қалай ауыстыруға болады? Бұл сөзсіз қате ғой. Бұған тыйым салдым. Мұны білесіздер. Келісім бергенім – университет атауы. Бұл маңызды, әлемге қарасаңыздар, барлық университет сол оқу орнын кім қаласа соның атымен аталады. Идеясын айтып, Назарбаев университетін құрдым. Біріншіден, сол жаққа тарту үшін келістім, екіншіден жастар оқуға қызықсын дедім. Мен келісім берген жалғыз нысан осы. Қате жасаған болсам, айыптымын, мойындаймын», – деді Нұрсұлтан Назарбаев «Штрихи к портрету» деректі фильмінің үшінші сериясында.

Назарбаевтың айтуынша, қалған нысандарға есімін беру оның келісімінсіз болған.

«Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Парламент қала атауын өзгертуді, Нұр-Сұлтан деп атау туралы ұсынысын жасады. Мен еске салып қояйын, оның атауы Акмолинск немесе Ақмола болған. Оны әлемге таныстырдық, қонақтарды шақырдық. Қазақ тілінде Акмолинск, Ақмола әрқалай, әлде бұл қате талдау сияқты. Бұдан арылу үшін Астана деп өзгерту туралы ой пайда болды. Пекин де солтүстік астана дегенді білдіреді. Токионың да мағынасы елорда. Астана – қазақ тілінде елорда, тавтология, бірақ халыққа бірден сіңіп кетті, әлем қабылдады. Естеріңізде болса, ұлықтау рәсімінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұсыныс жасады: осы қаланы құрған адамға, құрылысына ұйытқы болған адамға Нұр-Астана немесе Нұр-Сұлтан деп атауын өзгертейік деп ұсыныс жасады. Қалаға қарасам, сол жағалауда ашық даланы көретінмін. Ештеңе жоқ еді, қазір Экспо тұрған жерде картоп егісі болған, қырыққабат өсірген. Ештеңе болмады. Енді осындай қалаға айналды, жұртты тәнті етеді, қазақстандықтарды қуантады», – деді ол.

Алайда ол жетекшілерді және қазақстандықтарды бұған әуестенбеуге шақырды.

1$, 5$, 10$... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету