Домой Жаңалықтар АҚШИ АУЫЛЫНДА ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН ҮШЕМГЕ ҮЙ БЕРІЛДІ

АҚШИ АУЫЛЫНДА ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН ҮШЕМГЕ ҮЙ БЕРІЛДІ

0
46

ҚР Тұңғыш Президенті күні Ақши ауылында тағы бір жағымды жаңалықпен жалғасты. Ақши ауылының ортасынан «Дәулет — Бекет» ЖШС басшысы Сыдық Әбуәлі жақында дүниеге келген үшемге 120 шаршы метрді құрайтын 5 бөлмелі үй салып берді.

Бүгінде Маймиевтер әулеті 7 баланы тәрбиелеп отыр. Ақмарал Жалғасқызы болса ҚР Президентінің жарлығына сәйкес мемлекеттік «Алтын алқа» алқасымен наградталған.

Үшемнің есімін Мәлика, Мәдина, Мүслима деп қойған ата-анасы, ендігі балаларым жып-жылы үйде емін-еркін өседі деп ризашылығын білдірді.

Айта кетейік, жанұядағы тағы 4 бала Ақши ауылының № 8 мектебінде білім алады. Айтулы шараға аудан әкімі Бағдат Қарасаев қатысып, Мәймиевтердің қуанышымен бөлісті.
#Qazaqstan30