АҚШ-тың орнына Сауд Арабиясы Сүрияға қаржы бөледі
Сүрияны қайта құруға қажетті қаржыны Сауд Арабиясы шығармақ. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің әлеуметтік желі парақшасында мәлімдеді.
АҚШ президенті Трамп «Твиттер» парақшасындағы мәлімдемесінде: «Сауд Арабиясы Құрама Штаттардың орнына Сүрияны қайта құруға бөлінетін қаржыны шығаруға келісімін берді», – деп жазған. Ол және Сүрияны қайта құруға қаржы бөлу үшін 5 мың миль қашықтықтағы Құрама Штаттан көрі, көршілес бай ел Сауд Арабиясының көмектескені көбірек тиімді деп санайтынын айтқан.
Соңғы кездері Құрама Штаттардың Орта Шығыстағы стратегиясында үлкен өзгерістердің болып жатқаны белгілі. Трамп үкіметі Сүриядан әскерін шығарып әкетті және Ауғанстандағы әскер санын қысқартты. Бұл Уашингтонның өңірдегі стратегиясын жаңартуға тырысып жатқанынан хабар берсе керек.