АҚШ пен Қытай арасында келіссөздер жанданды

Қытай және АҚШ сауда-саттық саласында өзара түйткілді мәселелерді шеше бастады. Бейсенбі күні Қытайдың сауда министрлігі осылай деп хабарлады.
8 қаңтарда АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter-де Қытаймен арадағы келіссөздердің ойдағыдай жүріп жатқанын жазған. Сауда-саттыққа байланысты екі жақ арасындағы келіссөздер желтоқсан айының басында Аргентинада өткен «үлкен жиырмалық» (G20) елдердің саммитінен кейін жанданған. Қытай басшысы Си Цзиньпин сауда-саттықтағы теңсіздіктерді жоюға, АҚШ-тан ауыл шарушалығы және өзге тауарларды сатып алуға уәде берген. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп екі тарап 90 күн ішінде түйткілді мәселелер шешілсе, 1-ші қаңтардан бастап, жылына 200 миллиард долларлық қытайдан келетін импорттық тауарларға баж салығын көтермеуге келіскен.
Дереккөз: Азаттық