Горизонтальды кабельдік жүйе | Скачать Материал

0

Aңдaтпa

Бұл дипломдық жоба Қaзaқстaн Республикaсының Қорғaныс
Министірлігінің әскери бөлімшелеріне жергілікті желілер құруғa aрнaлғaн.
Берілген дипломдық жұмыстa Қaзaқстaн Республикaсы Қорғaныс
Министірлігінің әскери бөлімшелерінің комaндирлері мен қызметкерлері
aрaсындaғы қaрым-қaтынaсты тездету aмaлдaры қaрaстырылғaн. Жергілікті
кaбельдік желіні құрудың жоспaрлары Microsoft Visio қосымшaсы негізінде
қaрaстырылғaн. Cервер және қолдaнушылaр aрaсындaғы бaйлaныс Delphi 7.0
объектілі-бaғыттaлғaн бaғдaрлaмaлaу тілі ортaсындa құрылғaн.
Дипломдық жұмыста бaғдaрлaмaғa қойылғaн тaлaптaр, оның
функционaлдық тaғaйындaлуы, бaғдaрлaмaлық және логикaлық құрылымның
сипaттaлуы көрсетілген.

Aннотaция

Этот дипломый проект посвященa рaзрaботке локaльных сетей воинской
чaсти Министерство Обороны Республики Кaзaхстaн.
В данной дипломной рaботе были рaссмотрены средства ускорения
связи между комaндирaми и подчиненных воинской чaсти Министерство
Обороны Республики Кaзaхстaн. Плaны построения локaльных
вычислительных сетей рaссмотрены на основе приложений Microsoft Visio.
Связь между пользовaтелем и сервером построенa в среде объектно-
ориентировaнной прогрaмме нa языке Delphi 7.0.
В дипломной работе приведены зaдaнные требовaния прогрaммы, его
функционaльные нaзнaчения и описaние логической структуры прогрaммы.
В приложений проведен листинг и скриншоты прогрaммы.
Рaзрaботaннaя системa преднaзнaченa для использовaния воинской чaсти
Министерство Обороны Республики Кaзaхстaн.

Annotation

This thesis is dedicated to the development of local area networks for the
military unit Ministry of Defence of the Republic of Kazakhstan.
In this thesis examined a means to accelerate communication between
commanders and its subordinate military unit Ministry of Defence of the Republic
of Kazakhstan. Plan for building local area networks applications in Microsoft
Visio. Communication between the users and the server is built in the area of the
object-orienting the program language Delphi 7.0.
Explanatory notes are given the requirements of the program, its functional
purpose description of the logical structure of programs.

Мазмұны

Кіріспе

9

1
1.1
1.1.1
1.1.2
Жергілікті желілерді тaлдaу
Желілерді құрудың принциптеріне шолу
Жергілікті есептеуіш желілерін (ЖЕЖ) топтaстыру
Топологиялaр технологиясы
10
10
10
10

1.1.2.1 Шинa технологиясы
1.1.2.2 Жұлдызшa технологиясы
1.1.2.3 Сaқинa технологиясы
1.1.2.4 Token Ring технологиясы
12
12
14
15

1.2
1.2.1
1.2.2
1.2.3
1.2.4
1.2.5
1.3
1.3.1
1.3.2
1.4
2

2.1
2.1.1
2.1.2
2.1.3
2.1.4
2.1.5
2.1.6
2.1.7
2.1.8

2.1.9

2.2
2.2.1
2.3
2.4
2.5
2.5.1
2.5.2
2.5.3
2.5.4
Құрылымдық кaбельдік жүйе (ҚКЖ)
Құрылымдық кaбельдік жүйе ұғымы
Есулі қос өткізгішті кaбельдер
Оптикaлық-тaлшықты кaбельдер
Сымсыз желілер
Горизонтaльді кaбельдік жүйе
Коммутaциондық құрaлдaр
Телекоммуникaционды шкaф
Коммутaциялық блоктaр
Есептің қойылымы
ҚР Қорғaныс Министірлігінің әскери бөлімшесіне жергілікті
желілер құру
Құрылымдық кaбельдік жүйеге қойылaтын тaлaптaр
Жергілікті есептеуіш желілердің белсенді жaбдықтaу тaлaптaры
Жергілікті есептеуіш желілерді бaсқaру тaлaптaры
Серверлерге қойылaтын тaлaптaр
Желілік опрерaциялық жүйелерге қойылғaн тaлaптaр
Жұмыс стaнциялaрынa қойылғaн тaлaптaр
Резервтік көшіру жүйесінің тaлaптaры
Кешенді желілік бaспa тaлaптaры
Internet рұқсaттaмaсы мен бaғдaрлaмaлық aппaрaттық құрaлдaр
Тaлaптaры
ЖЕЖ-дің негізгі жaбдықтaуының тоқтaусыз қуaттaну жүйесінің
тaлaптaры
Желілік жaбдықтaрды тaңдaу
Құрылымдық кaбельдік жүйе сaнaттaры
Топологияны тaңдaу
Желіні бaсқaру түрін тaңдaу
Толықтырушылaрды тaңдaу
Aктивті желілік құрылғы
Телефондық стaнция
Серверлер
Стример
16
16
17
19
20
21
22
22
23
25
26

26
26
26
27
27
27
28
29
29

29

30
30
31
37
38
38
40
41
41

2.5.5
2.5.6
2.5.7
3
3.1
3.2
3.3
3.4
4
5

Үзімсіз Қорек Көзі ( ҮҚК )
Пaссивті құрылғылaр
Жүйелердің суу жүйесі
Бағдарламалық қaмтaмaсыздaнуды тaңдaу
Windows 2000 Advanced Server ОЖ негіздеуін тaңдaу
Желілердің техникaлық үлгілерін құру
Желілердің пaйдaлы өткізу қaбілеттілігінің есебі
Желідегі aқпaрaттaрды қорғaу
Еңбекті қорғау және тiршiлiк ету қауіпсіздігі
Экономикалық бөлім

42
42
42
43
43
45
50
51
53
53

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
A қосымшaсы Техникалық тапсырма
Ә қосымшaсы Бағдарламаның листингi
77
78
80
85

КІРІСПЕ

Екі және одан көп компьютерлер заттай қосылғанда компьютерлік желі
пайда болады. Компьютерлік желі аумақтық жағынан бытыраңқы орналасқан
пайдаланушыларға бірдей программаларды, жалпы ақпараттық және
ақпараттық ресурстарды қолдануда өзара ақпарат алмасуға мүмкіндік береді.

Бүкіл әлемде бүгінгі күні 150 миллионнан астам компьютер бар.Оның
ішінде 80 пайызы кіші жергілікті желілер, офистарда глобальді желілер әр
түрлі ақпараттық есептеуіш жүйелері-Intеrnet типінде біріктірілген.

Жергілікті есептеуіш желі — ерекше типті желі ретінде көрсетіледі,
жақын орналасқан жүйелерді біріктіреді.

Қазіргі кезде кез келген ұйымдардың жергілікті желісіз қызмет істеуі
мүмкін емес. Біздің ғасыр ақпараттық технологиялар және ғылыми-
техникалық болғандықтан ілгері басуы керек. Мына қиындықтардан тұрады:

— Ақпарат алмасу жылдамдығы
— Қымбат жабдықтар
— Сыртқы құрылғыларды бірге қолдану
— Ақпаратқа рұқсаттама (протокол)
Ақпараттың нәтижелі өңделуі — таралған функциялар, жергілікті
есептеуіш жүйесінде орындалады. Бірақ сандық есептердің көп түрлері бар:
бухгалтерлік және басқарушылық сандардың жиынтығымен істі болады, бірақ
бухгалтерлік есептеулер ерекшеленеді, мысалы, инженерлік есептерден және
құрастырушылардан. Сондықтан есептерді бөлімдерге бөледі — ғылыми,
статистикалық, инженерлік, қаржылық және т.б.

Компьютерлік желі бір-бірімен қатынаса алатындай арнаға қосылған,
компьютерлік және басқа электронды жабдықтарды іске қосуға қажетгі
барлық ақпараттық және программалық қамтамасыз ету кіреді. Желі басқа
құрылғылармен өзара әрекеттесетін құрылғылар станциялар, тораптар немесе
желілік құрылғылар деп аталады. Тетіктер саны екіден бастап мыңдаған санға
жетеді.

Мәлімет алмасу үшін арнайы құралдармен біріккен бірнеше
компьютердің жинытығы. Арнайы құрылғылар келесі элеменнтерден тұрады:
байланыс компьютерлерінен, байланыс каналдарынан. Желі архитеуктурасы
ЭЕМ — құру принциптерін және желі элементтерінің аппараттық және

бағдарламалық қамтамасыз ету жұмыстарын анықтайды.

Байланыс линияларынан құралған компьютердің жиынтығы.

Байланыс линиясы желілік адаптермен, кабельдерден және
коммуникациялық құралдардан құралған. Барлық желілік құрал жабдықтар
жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қаптаманың басқарумен жұмыс
істейді.

1 Жергілікті желілерді талдау

1.1 Желілерді құрудың принциптеріне шолу

Жергілікті есептеуіш желінің (ЖЕЖ) ұғымы: жергілікті желі

коммуникациялы жүйе, компьютерлік қорларды
қолдануға мүмкіндік

береді,желіге қосылғандардың бірі принтерлер, плоттерлер, сканерлер,
дискілер және басқа шеттегі құрылғылар. Жергілікті желіде әдетте бір немесе
бірнеше жақын орналасқан ғимараттарға ғана шек қойылған.

1.1.1 Жергілікті есептеуіш желілерін (ЖЕЖ) топтастыру

Есептеуіш желілер белгілердің қатарымен топтастырылады:

1.1.2 Топологиялар технологиясы (Желі топологиясы)

Желі топологиясы (ағылш. network topology) — есептеу желісіндегі
машиналардың физикалық конфигурациясы, яғни қандай түйіндер жұбы өзара
байланыса алатынын көрсететін физикалық жалғастыруды (немесе түйіндер
арасындағы логикалық байланысты) бейнелеу; желілер жолдары мен
тораптарын, олардың жол үзындығы, тораптар қуаты төрізді сипаттамаларын
ескермей, жалғастыру қүрылымын зерттейтін қолданбалы ғылым.
Желіге компьютерлерді біріктіру үлкен сыйымдылықты дискілерді,
принтерлерді, негізгі жадыны, программалық құралдарды бірге қолдану
болып табылады.
Компьютерлік желі деп қолданушыларды ақпараттық, программалық
және аппараттық ресурстарды және ақпаратпен алмасу құралдарын ұжыммен
пайдалануды қамтамасыз ететін өзара байланысқан компьютердің жиынтығы.

Компьютерлік желілер

деп әртүрлі қорларды мысалы

программаларды, құжаттарды және принтерлерді бірігіп пайдаланатындай
етіп, бір-бірімен кабельдің көмегімен арқылы қосылған компьютерлер тобын
айтады.
Егер желі онша үлкен емес және мекеменің бірнеше бөлмесін қамтыса,
онда оны жергілікті желі деп атайды.
Компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру (бірліктен бірнеше
жүздіктерге дейін) түрлі типті кабельдер көмегімен, желілік карта немесе
желілік адаптер аталатын арнайы қүрылғы арқылы жүзеге асады. Адаптер
компьютердің аналық тақшасындағы кеңейту слотына қондырылады.
Компьютерлерді қосуға болатын көптеген әдістер бар. Компьютерлердің
түрі көбейген сайын өдістері де көбеюде. Әр қосылу — деректер үшін жаңа
маршрут.

Желі топологиясы

бүл оның геометриялық пішіні немесе

компьютерлердің бір-біріне қатысты физикалық орналасуы. Желі
топологиясы түрлі желілерді салыстыру және жіктеу өдісін береді.
Қазіргі уақытта компьютерді қолданудың ең маңызды аясы көптеген
қолданушылар үшін бірыңғай ақпараттық кеңістікті қамтамасыз ететін
желілерді құру болып табылады. Желілік топологияның келесі түрлері белгілі:
Физикалық — желі түйіндерінің нақты орналасуы мен байланысуын
сипаттайды;
Логикалық — физикалық топология аясындағы сигналдардың жүрісін
сипаттайды;
Ақпараттық — желі бойынша жіберілген ақпарат ағынының бағытын
сипаттайды;
Алмасуды басқару — желінің пайдалануы үшін құқықты жіберу
принципі.
Жергілікті желіде барлық компьютерлер байланыс линиясы арқылы
байланысқан. Желінің түйіндеріне сәйкес және желіге түйіндердің қосылуына
байланысты байланыс линиясының геометриялық орналасуы физикалық
топология деп аталады. Тополоияның түріне байланысты желілерді: шиналық,
сақина, жұлдызша, иерархиялық және өздігінше құрылымды болып жіктеледі.
Физикалық және логикалық топологиялардың түрлері кездеседі.
Желінің логикалық және физикалық топологиялары бір — біріне тәуелсіз.
Физикалық топология — желінің геометриялық құрылуы, ал логикалық
топология желі түйіндеріне жіберілетін мәліметтер ағынының бағытын
анықтайды және мәліметтерді жіберудің әдісін анықтайды.
Қазіргі таңда жергілікті желіде келесі физикалық топологиялар
кездеседі:
— Физикалық шина (bus);
— Физикалық жұлдызша (star);
— Физикалық сақина (ring);
— Физикалық жұлдызша және логикалық сақина (Token Ring).

1.1.2.1 Шина технологиясы

Шина топологиясындағы желілер мәліметтерді жіберу үшін сызықты
моноканалды (коаксиальды кабельді) қолданады, олардың соңдарында
аяқтаушы кедергілер орнатылады (терминаторлар). Әрбір компьютер
коаксиальды кабельге Т — разъемдары арқылы жалғанады (Т — конннектор).
Желінің түйіндерінен жіберілетін ақпарат шинаның екі жағынан да жіберіледі,
соңғы терминаторларда көрініс табады. Осылайша, ақпарат барлық түйіндерге
келіп түседі, бірақ тағайындалған түйінде ғана қабылданады. Физикалық шина
топологиясындағы сигналдарды жіберу кең көлемді ақпарат тасымалдау
болғандықтан, яғни сигналдар бір уақытта барлық бағыттарда таралатын
болса, онда онда осы желінің логикалық топологиясы логикалық шина
болып табылады.
«Шина» тәрізді топология (Топология типа «шина»; bus topology) —
барлық тораптары жалпы бір сызықтық ақпараттық арнаға қосылған
компьютер желісінің архитектурасы.
Мұнда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға
немесе магистральға (кабельге) қосылады. Дәл осы тәсілмен магистральға
басқа да желілік құрылғылар қосыла береді. Желінің жұмыс жасау процесінде
тасымалданатын ақпарат жөнелтуші станциядан жұмыс станцияларының
барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген жұмыс
станциясы қабылдайды.

1.1 — сурет. Шина технологиясы

Берілген топология Ethernet (10Base-5 және 10Base-2 кластары
сәйкесінше, жуан және жіңішке коаксиалды кабель үшін) архитектурасы бар
локальды желілерде қолданылады.
Шиналық топология желісінің артықшылықтары:
— Түйіндердің біреуінің жұмыс жасамауы бүкіл жүйенің жұмысына әсер
етпейді;
— Желіні оңай орнатуға және конфигурациялауға болады;

— Жеке түйіндердің бұзылуларына тұрақты.
Шиналық топология желісінің кемшіліктері:

— Кабельдің үзілуі бүкіл жүйенің жұмысына әсер етеді;
— Кабель ұзындығының және жұмыс станция санының шектілігі.

1.1.2.2 Жұлдызша технологиясы

«Жұлдызша» типті топология негізінде құрылған желіде, әрбір жұмыс
станциясы концентраторға немесе хабқа (hub) есулі қос өткізгіш кабелі
арқылы байланысады. Концентратор ДК параллельді байланысуын
қамтамасыз етеді және осылайша, желіге қосылған барлық компьютерлер бір
— бірімен байланыса алады.

Мұнда ортақтандырылған коммутациялық түйін — желілік сервер болуы
тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізуді жүзеге асырады. Бұл топологияның
ерекшелігі — кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы
байланысқа әсер етпейді.

1.2- сурет. Жұлдызша технологиясы

Жіберетін станциядан жіберілге ақпарат хаб арқылы байланыс
линиясының барлық ДК — не жіберіледі. Ақпарат барлық жұмыс станциясына
келіп түседі, бірақ ол арналған ғана станция тарапынан қабылданады.
Физикалық жұлдызша топологияда сигналдарды жіберу кең көлемді
болғандықтан, яғни ДК-ден шыққан сигналдар біруақытта барлық бағыттар
бойынша таралатын болса, онда берілген локальды желінің логикалық
топологиясы логикалық шина болып табылады.

Жоғарыда айтылған топология 10Base-T Ethernet архитектуралы
локальды желілерде қолданылады.

Жұлдызша топологиялы желілердің артықшылықтары:

— Жаңа ДК — ді оңай қосуға болады;
— Орталықтандырылған басқарудың мүмкіндігі бар;

— Жеке ДК

дің бұзылуларына және жеке ДК

дің

байланыстарының үзілулеріне тұрақты болып келеді.
Жұлдызша топологиялы желілердің кемшіліктері:

— Хабтың жұмысының тоқтауы бүкіл желінің жұмысына әсер етеді;
— Кабельдің үлкен көлемді шығыны.
Әдетте жұлдызша активті және пассивті болып бөлінеді.

Активті жұлдызша — желінің ортасында компьютер орналасады, сервер
қызметін атқарады.

Пассивті жұлдызша — желінің ортасында компьютер емес, концентратор
немесе хаб (hub) орналасады, ол репитердікі сияқты қызмет атқарады. Желіге
келіп түскен сигналдарды жаңартады және келесі байлыныс линиясына
жібереді.
Қолданылуы: кең таралған топологияның бірі болып табылады, қызмет
көрсетуі өте қарапайым болып келеді. Виттік жұптар (витая пара)
тасымалдағыштар болып табылатын желілерде қолданылады. UTP 3 немесе 5
категорияларында.

1.1.2.3 Сақина технологиясы

Сақина — бұл топология бойынша, әрбір компьютер байланыс линиясы
арқылы тек екі комьютермен байланыса алады: біреуінен ол тек ақпараттарды

қабылдайды, ал екінші біреуіне тек мәліметтерді жібере алады. Әрбір
байланыс линиясында, жұлдызшадағы секілді, бір ғана жіберуші және бір
қабылдаушы болады. Бұл сыртқы терминаторларды қолданудан бас тартуға
әкеліп соғады.

·
«Сақина » тәрізді топология (Топология типа «сақина»; ring

topology) — өр торап басқа екі тораппен қосылған және барлық тораптар бірге
сақина қүрайтын желі топологиясы.
Сақина топологиялы желілерде барлық түйіндер байланыс каналдары
арқылы үзілмейтін жүзікке байланысқан (дөңлелек болуы шарт емес), олардан
ақпарат жіберіледі. Бір ДК — дің шығысы келесі ДК — дің кірісімен
байланысады. Бір нүктеден жылжуды бастағаннан кейін, мәліметтер, ең
соңында оның бастамасына келіп түседі. Жүзіктегі мәліметтер әрқашанда бір
бағытта бағытталады.

1.3 — сурет. Сақина технологиясы

Қабылдаушы
жұмыс станциясы өздеріне қарай бағытталған

хабарламаны ғана таниды және қабылдайды. Берілген желінің логикалық
топологиясы — логикалық жүзік болып табылады.
Берілген желінің артықшылығы:
— Орнатылуының жеңілдігі;
— Қосымша құрылғыларды дерлік қолданылмайды;
— Желіні жүктегеннен бастап жұмыстың тұрақты жылдамдығын

төмендетпей жүргізілуі, маркерді
қолдану
колизияның пайда

болмауын қадағалайды.
Кемшіліктері:
— Саптан бір жұмыс станциясының шығуы және басқа да келеңсіздіктер
(кабельдің үзілуі), бүкіл желінің жұмыс қабілетіне әсер етеді.
— Қалыпқа келтірілуінің және конфигурациясының қиындығы;

— Келеңсіздікті табудың қиындығы.
Қолданылуы: опто — волоконды желілерде кеңінен қолданыс тапқан.
FDDI, Token ring стандарттарында қолданылады.
Ереже бойынша, Сақина топологиясы өзінің сенімсіздігіне
байланысты қолданылмайды, сондықтан да, тәжірибе жүзінде сақиналық
топологияның модификациялары қолданылады.

1.1.2.4 Token Ring технологиясы

Бұл топология жұлдызша типті байланысқан физикалық жұлдызша
топологиясына негізделген. Берілген топологияда барлық жұмыс станциясы

орталық концентраторға (Token Ring) қосылған,
физикалық жұлдыз

топологиясы сияқты. Орталық концентратор — интеллектуалды құрылғы, бұл
бір станцияның шығысын келесі станцияның кірісімен тізбектей қосуға
мүмкіндік береді.

Басқаша айтқанда, концентратордың көмегімен әр станция екі басқа
станциямен ғана байланыса алады (алдыңғы және келесісімен). Концентратор
алғашқы және резервті жүзікті құрады. Егер негізгі жүзікте үзіліс болатын
болса, онда оны төртсымды кабельді қолданатын резервті жүзңк көмегімен
ексермеуге болады. Станцияның жұмыстан шығуы немесе жұмыс
станциясының байланыс линиясының жұмыстан шығуы жүзік
топологиясындағы секілді желінің істен шығуына соқтырмайды, себебі,
концентратор жұмыс жасамайтын станцияны сөндіріп қояды және мәліметтер
жіберілетін жүзікті тұйықтап қояды.

Token Ring жұлдызша топологиясы бойынша көп пайдаланушы
кіруге болатын станция аталатын IBM арнайы қүрылысымен (Multi-station
Access Unit, MAU) орталық хаб ретінде жүмыс істейді. Бірақ онымен
байланысу үшін әр компьютердің екі кабелі бар, біреуі бойынша ол деректерді
жібереді, басқасы бойынша қабылдайды. Деректерді беру жылдамдығымен,
оның қүнына сәйкес өзгешеленетін деректерді берудің түрлі технологиялары
(тәсілдері) бар. Ең танымалдары: Enthernet, ARCNET және IBM token ring.

1.4 — сурет. Token Ring технологиясы

Token Ring архитектурасында маркер түйіннен түйінге орталық
концентратор құрған логикалық жүзік арқылы тасымалданады. Осындай
маркерлік тасымалдау қорғалған бағыттарда ғана жүзеге асырылады. Маркері
бар станция мәліметтерді басқа станцияға жібере алады.

Мәліметтерді жіберу үшін станциялар алдымен бос маркердің келіп
түсуін күтіп тұру керек. Маркерде жіберетін станцияның адресі, сонымен
қатар, тағайындалған станцияның адресі де болады. Осыдан кейін жіберуші
желі бойынша маркерді келесі станцияға жібереді, ол да өз мәліметтерін
қосып жіберуі үшін.

Желінің түйіндерінің бірі (әдетте ол үшін файл — сервер қолданылады)
желіге жіберілетін маркерді құрады. Бұл түйін активті монитор қасиетіне ие
болады, ол маркерге зиян келмеуін және маркердің жоғалып кетпеуін
қадағалап отырады.

Token Ring топологиялы желінің артықшылықтары:

— Топология барлық жұмыс станцияларына тең дәрежеде қатынас
жасауды ұйымдастырады;
— Жоғары сенімділік, жеке станциялардың келеңсіздіктеріне және
жеке станциялардың байланысының үзілуіне тұрақты болып келеді.
Token Ring топологиясының кемшіліктері: кабельдің үлкен көлемді
шығыны және сәйкесінше, байланыс линиясын қымбат бағада орнатады.

1.2 Құрылымдық кабельдік жүйе (ҚКЖ)

1.2.1 Құрылымдық кабельдік жүйе ұғымы

1. Құрылымдық кабельдік жүйе (ҚКЖ) кабельдік жүйе деп аталады.
2. Құрылыммен топологиялары стандартталған,
3. Стандартталған элементтерді қолдану (кабельдер,алмалы-
салмалылар,коммутациялық құрылымдар және т.б.),
4. Стандартталған параметрлерді қамтамасыздандыру (мәліметтердің
жіберу жылдамдығы, сөнуі және т.б.),
5. Басқару (администрациялау) стандартталған бейнесімен.
Бұл жерде Стандарттау термині бірдей деген мағынада
түсіндіріледі. ҚКЖ бірдей ережеде анықталады сәйкесінше ақпараттық
технологиялар ұлттық және халықаралық стандарттар облылысында.

1.2.2 Есулі қос өткізгішті кабельдер

Есулі қос өткізгіш (Twisted Pair) — қабығында бір немесе бірнеше
сымдар жұбын біріктіретін мыстық негіздегі кабель. Әрбір жұп
изоляцияланған мыс сыммен өздерін айналдыра орағанды білдіреді. Бұл
түрдегі кабельдер жеке түрде сапасы және ақпаратты жіберу мүмкіндігіне
байланысты ерекшеленеді. Кабельдің анықталған класы немесе категориясына
(санатына) сәйкес қасиеттерді жалпы қабылданған стандарттар (ISO 11801
жәнеTIA-568) анықтайды. Қасиеттердің өзі тікелей кабель құрылымына және
кабельде сигналды жіберген уақыттағы физикалық үрдістерді анықтайтын
онда қолданылатын материалдарға байланысты.
Есулі қос өткізгіш (TP, Twisted Pair) түрдегі кабельдің екі түрі
болады: экрандалған есулі қос өткізгіш (STP, Shielded Twisted Pair) және
экрандалмаған есулі қос өткізгіш (UTP, Unshielded Twisted Pair). Сондай-ақ,
бір жильдік және көп жильдік есулі қос өткізгішке, сондай-ақ, ішкі төсенішке
арналған есулі қос өткізгішке бөлінеді.

1.5-сурет. Есулі қос өткізгіш кабельдері

Экрандалмаған есулі қос өткізгіш (Unshielded Twisted Pair)
1,2,3,4,5,5e,6;7 категорияларына (санаттарына) бөлінеді. Қазіргі таңда кең
тараған санаттары 10,100 и 1000 Мбс жылдамдықпен мәліметті жіберетін 5
және 5е санаттары. Кабельдер 4-жұпты орындауда шығарылады. Барлық
жұптардың анықталған түсі және айналу қадамы болады. Әдетте екі жұбы
мәліметтерді жіберуге, қалған екеуі дауысты жіберуге арналған. Кабельді
құрылғымен байланыстыру үшін вилкалар және RJ-45 розеткалары
қолданылады. Кабельдің диаметрі: 22 AWG, 24 AWG, 26 AWG. Нөмірі үлкен
болған сайын оның диаметрі аз болады.

Экрандалған есулі қос өткізгіш (Shielded Twisted Pair) 5,5e,6,7
санаттарына бөлінеді. Бұл кабельдердің негізгі тағайындалуы — өте жоғары
жылдамдықты хаттамаларды қолдау. Экрандалған есулі қос өткізгіш
жіберілетін сигналдарды ішкі бөгеттерден жақсы қорғайды және тек
мәліметтерді жіберу үшін ғана қолданылады.

Есулі қос өткізгіш артықшылықтары мен кемшіліктері:

Артықшылықтары: Қарпайым орнатылуы, тұрақтылығы және жоғары
өнімділігі.

Кемшіліктері: Шектелген ұзындық, әлсіз бөгетке қарсы тұруы (күштік
трансформаторлар, жіберілетін құрылғылар, күндізгі жарық лампалары).

1.1-кесте

Ethernet және Fast Ethernet желілері үшін физикалық деңгейдің
параметрлері
10Base-2
10Base-T
100Base-TX
Сым(кабель)
RG-58 жіңішке
коаксиалды
кабель
3 және 5 санатты
экрандалмаған
есулі қос өткізгіш
5e санатты
экрандалмаған
есулі қос өткізгіш

Сигналдың өшуі — көздің импеданстары мен кабельдің ипмпеданс артық
жүк қасиеттері сәйкес келгендегі кіріс сигналы қуатының шығыс сигналы
қуатына децибелда (дБ) берілген қатысы. Кіріс қуатының мәні артық жүкті
көзге сигналдың кабельсіз өту арқылы қосылғанында қуатты өлшеу жолымен
алынады. Кейбір жағдайларда, мысалы терминалдау орындарында
импеданстар бір-біріне жақсы сәйкес келмейді, ішкі қуаттың шығыс қуатына
қатысы енгізілген шығын немесе енгізілген өшу атын алып жүреді.

Ethernet аппаратурасы көбіне кабельден, разъемдардан, Т-
коннекторларынан, теминаторлардан және тораптық адаптерлерден тұрады.

Кері шығындар (көрсетілгендегі шығын). Кабельдің импедансы мен
артық жүк сәйкес келмеген жағдайда, кабельде өтетін сигнал біртіндеп
кабель-артық жүк интерфейс нүктесінде көрінетін болады.

Көрінген сигналдың қуаты көрінгендегі шығын немесе кері шығын
атына ие. Импеданстардың үйлесімділігі жақсы болған сайын, көрстеілетін
қуат та аз және сәйкесінше кері шығындар да төмен болады.

Сигналды жіберудегі уақытша кешігу. Кіріс нүктесінен шығыс
нүктесіне жіберілетін сигнал уақытша кешігумен келеді, оның шамасы кабель
ұзындығының жіберу ортасындағы V жіберу сигналы жылдамдығы
қатысымен анықталады. Вакуумда екі сымнан тұратын жіберу линиясы
(сызығы) жақсы болғанда, сигналды жіберу жылдамдығы вакуумда жарық
жіберу жылдамдығы с-ға тең. Іс жүзінде кабельде сигналды жіберуСегменттің
максимальды
ұзындығы, м
185
100
100
Желі түйіндері
арасындағы
максимальды
қашықтық
(қайталағыштарды
қолданған жағдайда), м
925
500
200
Сегменттегі
станциялардың
максимальды саны
30
1024
1024

жылдамдығы сымдарды

қоршап

тұрған

диэлектрик

материалдардың

қасиеттеріне тең.

1.2.3 Оптикалық-талшықты кабельдер

Оптикалық-талшықты кабель — жарық түрінде мәліметтерді жіберуге
арналған бір немесе бірнеше оптикалық талшықтан тұратын кабель.
Құрылымдық орындалуына байланысты оптикалық-талшықты каельдер ішкі
және сыртқы прокладка кабельдері, сондай-ақ, шнурларға арналған кабельдер
болып бөлінеді.

Оптикалық-талшықты коммуникациялар металлдық негізде жіберілетін
ортада қолданылатын электронды жүйелермен салыстырғанда
артықшылықтары бар. Оптикалық-талшықты жүйелерде жіберілетін
сигналдар ішкі электронды, магнитті немесе радиожиілікті бөгеттерден
қысылмайды. Осылайша, оптикалық кабельдер дауылдар мен жоғары
кернеулік көздерден келетін бөгеттерге толығымен төтеп бере алады.

Бірдей өткізу қабілеті бар қарапайым коаксиалды кабельмен
салыстырғанда диаметрі аз және оптикалық-талшықты кабельдердің салмағы
аз, әсіресе, толтырылған трассаларда. 300 метрлік оптикалық-талшықты
кабельдердің салмағы 2,5 кг-ды құрайды. Ал 300 метрлік коаксиалды
кабельдің салмағы 32 кг, яғни 13 есе артық.

Коаксиалды кабельде жиілік көп болған сайын қашықтықтың көбеюімен
сигналдың амплитудасы азаяды және бұл өшу деп аталады. Оптикалық
талшық үшін жиілік жұмыс жиілігі диапазоны шегіне жеткенше тұрақты.
Осылайша, оптикалық шығындар тек қашықтыққа пропорционалды. Мұндай
талшықтағы өшу химиялық ластау мен талшық материалының молекулалық
құрылымына байланысты. Бұл микрообъектілер оптикалық сәулені жұтады,
ол ядроға түспейді және жоғалады. Талшықта өшу өндірушімен анықталған
толқын ұзындығымен спецификациалнады: мысалы, 850 нм толқын ұзындығы
үшін З дБкм. Бұл талшықтың шығыны толқын ұзындығы өзгерісімен
өлшенетін болғандықтан жасалады.

Микроизгибтардағы шығындар. Оптикалық талшық арнайы қорғансыз
микроизгибтар әсерінен оптикалық қуат шығынына алып келеді.
Микроизгибтар — ішкі күштермен шақырылатын микроскоптық талшықтың

қысылуы, олар ядродан оптикалық қуаттың шығынына алып келеді.
Микроизгибтардың пайда болуын жою үшін талшықты қорғаудың түрлі
әдістері қолданылады. Градиентті көрсеткіші бар талшыққа қарағанда
деңгейлік көрсеткіші бар талшық микроизгибтар шығынына тұрақты.

Өткізу жолағы (спектр ұзындығы) — бұл бірлік уақыт ішінде ақпараттың
белгілі-бір бөлігін жіберетін талшық мүмкіндігінің өлшемі. Жолақ үлкен
болған сайын талшықтың ақпараттық көлемі жоғары. Жолақтар МГц-км-мен
беріледі.

Оптикалық талшықтар толқынның әр түрлі ұзындықтары ортада әр
түрлі жылдамдықпен таралғанда туындайтын тағы да бір дисперсияның әр
түрлілігіне ие. Мұндай «спектральды дисперсияны» ақ түс шыны призма
арқылы өтетін кемпірқосақтың жеті түсіне бөлінгенін бақылауға болады. Әр
түрлі түстерді беретін толқындар ортада әр түрлі жылдамдықпен қозғалады,
ол жарықты жіберу траекториясының ір түрлілігіне алып келеді. Егер де
талшықтың жүйенің оптикалық көзі бір жиіліктің жарығын шығарса,
спектральды дисперсия немесе материалды дисперсия (немесе хроматтық
дисперсия, оны осылай жиі атайды) жоқ болған еді. Шындығында, жарықтың
абсолютті монозраматтық көздері болмайды. Лазерлер шағылатын жарықтың
анықталған, аз болса да спектрдің кеңейтілуіне ие. Өзінің аз шығыны мен
жоғары өткізу қабілетіне байланысты бірмодалық талшықтар, ереже бойынша
ең жақсы болып табылады және ереже бойынша қалааралық
телекоммуникациялық жүйелердің жоғары жылдамдықты сызықтарды
монтаждауды жалғыз таңдауы болып табылады.

1.2.4 Сымсыз желілер

Сымсыз компьютерлік желілер — бұл кабельді қолданусыз толығымен
қарапайым сымды желілер (мысалы, Ethernet) стандартына сәйкес келетін
есептеу желілерін құруға мүмкіндік беретін технология. Мұндай желілерде
ақпаратты тасушы ретінде СВЧ — диапазонды радиотолқындар қолданылады.

Сымсыз желілер кабельде орнату қиын немесе мүмкін емес жерлерде
қолданыады. «RadioEthernet» стандартына сәйкес желі мәліметтерді жіберу
ортасына коллизионды механизмдік рұқсаты бар Ethernet қарапайым
кабельдік желісіне ұқсас. Айырмашылығы тек орта мінездемесіне

байланысты. Radio Ethernet толығымен ғимарат ішінде мәліметтерді сымсыз
жіберудің барлық қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.

Radio Ethernet-ті сыртта қолданғанда кабель орнына соңғы миля
желісін пайдалану ыңғайлы, яғни — абонент пен желідегі жақын түйін арасын
байланыстыру үшін. Бұл жағдайда соңғы миля бірнеше жүз метрден 20-30
км-ге дейін болуы мүмкін, және тек тікелей көрінумен шектелуі мүмкін.

1.2.5 Горизонтальды кабельдік жүйе

Горизонтальды кабельдік жүйе (ГКЖ) жұмыс орнындағы
телекоммуникационды розеткадан басталады және телекоммуникационды
шкафтағы горизонтальды кросспен аяқталады. Ол өзіне келесілерді қосады:
розетка, горизонтальды кабель, горизонтальды кросты көрсететін
терминалдау нүктелері және пэтч-кордтар.

Горизонтальды кабельдік жүйе «жұлдыз» топологиялық
конфигурациясына ие болуы қажет. Әрбір жұмыс орны
телекоммуникационды шкафтағы (ТС) горизонтальды кросспен (НС)
байланысқан. Кез-келген горизонтальды кабельдік сегменттің максимальды
жақындығы қолданылатын жіберетін орта түріне тәуелсіз 90 м-ден аспауы
қажет.

Горизонтальды кабельдер саны бойынша ғимараттағы
телекоммуникационды инфра құрылымындағы кабель сегментінің бүкіл
көлемінде бірінші орынды алады.

Кабельдің қолданылатын түрі телекоммуникационды желі дамуында
бірден көп жоспарланған периодта қызмет етуі керек. Горизонтальды жүйе
астында 586 стандартпен жіберу ортасының келесі түрлерін қолдану рұқсат
етілген:




UTP кабелі 4 жұптық, 100 Ом
Көп модалық оптикалық талшық 62,5125 мкм
STP-A кабелі 2 жұп,150 Ом
Коаксиальды кабель 50 Ом

1.6-сурет. Горизонтальды кабель жүйесінің мысалы

50 Ом-дық коаксиалды кабель ‘568 стандартымен жіберілетін орта
ретінде мойындалады, бірақ жаңа жүйелер үшін кепіл жасалмайды. Қосымша
коаксиалды розеткаларды монтаждау рұқсат етілген. Мұндай розеткалар
қосымша болып табылады және стандарт қажет ететін минимальды алмастыра
алмайды.

Спецификалық қосымшаларды (мысалы, адаптерлер мен
конверторлардың барлық мүмкін типтері) қолдауға арналған компоненттер
горизонтальды кабельдік жүйенің элементі ретінде қолданыла алмайды.
Қажет болған жағдайда олар телекоммуникационды розеткаға немесе
горизонтальды кроссқа қатысты сыртта орналасу қажет. Бұл стандарттың
қажет етуі өзінің мақстатымен кабельдік жүйенің максимальды
универсалдығымен және нақты қосымшалар мен интерфейстерден
тәуелсіздігін қамтамасыз етеді.

«Сымды» кабельді жүйелердің негізгі проблемалардың бірі олардың
электромагнитті бөгеттерге қарсы тұра алмауында. Осы себепке байланысты
‘568 стандарты кабельдік жүйелерді жобалағанда бөгеттің потенциалды
көздерін ескеруді жазады. Кабельдік инфрақұрылым мен бөгет көздері
бөлімдері жайлы нақты спецификациялар ANSIEIATIA-569 стандартында
анықталған.

Ашық кеңсе кеңістіктерін кабельдеген кезде жиі қатты 4-жұпты кабель
қолданылады. Мұндай кабель мен горизонтты кросстан келетін домалақ
анықтайтын кабельдің байланысу орны «ауысу нүкесі» деген атқа ие (ТР —
Transition Point).

Жұмыс орындарын кабельдеген жағдайда ‘568 стандарты соңғы
тұтынушыны минимальды универсалды сервиспен қамтамасыз ету үшін ең аз
дегенде әр жеке жұмыс орнында екі телекоммуникационды розеткалар орнату
керектігін айтады. Екі розетканың бірі стандарттың талабы бойынша 4-жұпты
100 Ом-дық UTP кабелімен (3 санат және жоғары), ал екіншісі 4-жұпты 100
Ом-дық UTP кабелімен (5-санатты қолдану ұсынылады) немесе 2-жұпты 150
0м-дық STP-A кабелмен немесе көп модалық оптикалық-талшықты 62,5125
мкм кабельмен бірдей болуы қажет. Егер горизонтальды кабельдік жүйеде
жерге орналасатын телекоммуникациялық жүйемен байланысуды қажет
ететін экрандалған компоненттер қолданылуы үшін стандарт бұл жерге
орналасу жүйесінің сәйкес құрылыс нормативтеріне, сондай-ақ,
ANSITIAEIA-607 стандартына сәйкес келуін талап етеді.

1.3 Коммутациондық құралдар

1.3.1 Телекоммуникационды шкаф

Жалпы жағдайда телекоммуникационды шкафтар горизонтальды
анықталған жүйелерге қызмет жасауы үшін тағайындалған құрылғылар
ретінде қарастырылады. Бұл негізгі функциядан басқа олар қосымша
жұмыстарды да орындай алады, мысалы оларға аралық және басты
кросстардың орналасуы жатады. Төменде телекоммуникационды шкафтарды
кабельдеуге қатысты кейбір спецификациялар келтірілген.

1.6-сурет. Телекоммуникационды шкаф

Кабельдік жүйеге штатты өзгерістер енгізу үшін перетерминді
горизонтальды кабельдерді қолдану рұқсат етілмейді. Бұл мақсаттар үшін
кроссталған ұстатқыштарды және пэтч-кордтарды қолдану ұсынылады.

Спецификалық қосымшаларды (мысалы, әр түрлі адаптерлер) қолдауға
арналған құрылғылар горизонтальды кабельдік жүйенің бөлігі бола алады
және горизонтальды кроссқа қатысты сыртында орнатылуы қажет.
Кабельдердің қатты оралуынан және созылатын күштеу деформациялауынна
құтылу үшін кабельдік ағымды маршрутизациялауға арналған құрылғыны
қолдану ұсынылады.

Активті құрылғыға қосылу үшін қолданылатын кабельдер мен шнурлар
стандартта кабельдік жүйе ретінде қарастырылмайды. Сызықтардың
соңындағы барлық пэтч-кордтар мен аппараттық шнурлардың рұқсат етілген
максимальды суммарлық ұзындығы — 10 м.

Тек стандартқа сәйкес келетін құралды қолдану рұқсат етіледі.
Телекоммуникациялық шкафтар ANSIEIATIA-569 стандартына сәйкес
жобалануы және құралдануы қажет.

Телекоммуникациялық шкафқа активті құралды қосу байланыстың екі
түрі арқылы — аралас байланыс және кросс-байланыс көмегімен жүзеге
асыруға рұқсат етіледі.

Кросс-байланыс — кабельдік жүйе астын өзара коммутациялауға және
активті құралды көп портты коннекторлармен қосу үшін қолданылады. Көп
портты коннекторлар деп солардың көмегімен бір уақытта бірден көп
(бірнеше) адрестік телекоммуникациялық портқа қосылу жүзеге асырылатын
құрастырғыштар, түйіндер аталады. Көп портты коннектордың қарапайым
мысалы болып телефонияда кеңселік АТС немесе PBX қосу үшін кең
қолданыс тапқан, сондай-ақ, кей жағдайда активті желілік құралды қосу үшін
қолданылатын Telco-коннектор («телефондық мекеменің» коннекторы,
Telephone Company connector) — 25-жұпты коннектор болып табылады. Кросс
әдісі — төменде жазылып кеткен өзара байланыс әдісінен айырмашылығы
кабельдік жүйені барлық жағдайда да жұмсақ қайта конфигурациялауға
рұқсат береді, бірақ соның өзінде ол кросста ең аз дегенде коммутациялық
құралдың екі бірлігін талап етеді, осының әсерінен жүйенің бағасы

қымбаттайды. Егер «кросс» (cross

connect) түсінігі кабельдерді

терминалдауды жүзеге асыру үшін және олардың пэтч-кордтар, кроссталған
ұстатқыштар немесе активті құрал кабелі көмегімен аралас байланыс немесе
кросс-байланыс (немесе екеуі де) құралдарын анықтау үшін қолданылса, онда
кросс-байланыс (cross — connection) түсінігі нақты конфигурацияға жатады,
онда кабельдер, пэтч-кордтар және ұстатқыштар горизонтальды және
магистральды кабельдік жүйелерді және телекоммуникациялық орындарға
қызмет көрсететін жеке бөлінген өрістерді коммутациялау үшін қолданылады.

Аралас байланыс — активті құралды бір портты коннектормен қосу үшін
ғана қолдану үшін рұқсат етіледі. Көп портты коннекторларға қарама-қайшы
бір портты конннекторлар екі адрестік порт арасында ғана өзара
коммутациялауды жүзеге асыруға рұқсат етеді. Аралас байланыс әдісі
кабельдік жүйеге активті құралдың өзі коммутациялық кросстық құралдың,
мысалы, пэтч-панельдің бірлігі болып табылатын бір портты (модульдік)
коннектормен қосылуы жүзеге асқан жағдайда пайдалы, тиімді болып
табылады. Бұл жағдайда адрестік порттарды шексіз қайта ауыстыруға
мүмкіндігі мен конфигурациялық кросстан коммутациялық құралдың екінші
бірілігінің шығару есебінен қосылудың шығыны азаю мүмкіндігі туады.

1.3.2 Коммутациялық блоктар

Телекоммуникациялық шкафтарда және жұмыс орындарында кабельдер
мен сымдарды терминалдаудың негізгі компоненті болып коммутациялық
(терминалдық) блок болып табылады. Коммутациялық блоктардың түрлі
формалары болуы мүмкін және өзінің даму жылдарында олар күрделі
(жүйелік) компонентке айналды. Коммуникациялық блоктардың негізгі екі
түрі бар — 66 типті блок пен 110 типті блок. Екі тип те қазіргі уақытта
өндірістің көп көлемімен ұсынылады және терминалдық блоктардың көп
нұсқалары розеткалардың коннекторы және пэтч-панельдер секілді
компоненттерге интегралданған. Бұл екі тип орнатылған жүйелерде және
жаңа дамып келе жатқан өтім нарықтарында доминалданады, сондықтан
оларға бұйымдық көңіл аударылады. Оның үстіне бір өндірушімен ғана

шығарылып және өте кең тарамаған (BIX
және KRONE) жеке

терминалданған жүйелердің жұбы қарастырылған. Нарықта блоктың басқа да
бірнеше типтерін табуға болады, бірақ типіне қарамастан олардың барлығы
изоляциямен араласу — сым контактінің (әдетте арнайы терминалданатын
құрал көмегімен) екі металл үсті арасымен соғысады және изоляция не
жойылады, не кесіледі, не араласады жолымен контактіні құру әдісін
қолданылады.

EIATIA-568-А стандарты коммутациялық блоктарды IDC контактісімен
— изоляциямен араласу контактісі (IDC — Insulation Displacement Connection)
типімен қодаунды жазады. 110 блогі, KRONE және BIX IDC контактілерін
қолданады. 66-тип 5-категория (санат) талабына сәйкестігіне қарамастан
контактінің ескірек типін, яғни изоляцияны бұзу технологиясын қолданады.
Изоляциямен араласу (IDC) жолымен контактіні құру әдісі жалпы жағдайда
басқа әдістермен салыстырғанда ең жылдам және сенімдірек әдіс болып
табылады. IDC әдісінде изоляция жойылмайды, ал сымның өзі изоляцияны
кесіп және мықты электрлік және механикалық байланыс құратын екі жақтық
ішкі өткір жақтары бар терминалдайтын пышақпен соқтығысады. Сым екі
металл контактілерінің арасында тығыз отырады және осылайша, байланысу
орнының вакуумдық-тығыздық изоляциясы жүреді. IDC-дің көп жүйелері
арнайы терминалдайтын құрадарды қолдануды қажет етеді. Вакуумдық-тығыз
IDC-терминалдау жалаңаш мыс сым мен басқа материалдан жасалған (әдетте
мырышпен қапталған) атмосфералық оттеігі бар жерде байланысқанда
резьбалық контактілерді қолдаған жағдайда туындайтын биметаллдық
коррозия ықтималдығын шығарады.

Барлық IDC-типтер қатыстық тұрақты байланыстарды қолдану үшін
өңделген. Егер жүйеге өзгеріс енгізу қажет болса, онда сым алдын-ала
өшірілуі қажет, коннектор металлдың және пластиктің барлық қалдықтарынан
тазартылған, содан кейін сым кесіледі және қайта терминалданады.

1.4 Есептің қойылымы

Ұсынылып отырған дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасы
Қорғаныс Министірлігінің әскери бригада бөлімшелеріне жергілікті желілер
құрылуын қарастырамыз.

Дипломдық жұмыстың мақсаты:

— әскери бөлімшелерге жергілікті желі жүргізу үшін Microsoft Visio-да
желінің жобасын сызу;
— желілік топология таңдау;
— телекоммуникациялық құрылғылар, желілік құрылғылар таңдау;
— сервер жүйесін таңдау;
— стандарттарды анықтау.
Жалпы айтқанда дипломдық жұмыста компьютерлік желі пәнінен алған
білімді жетілдіру, соны іс жүзінде тексеру үшін алдыма қойған талаптарды
орындауға тырыстым.

2 Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министірлігінің бригада
бөлімшесіне желілер құру

Кез келген жергілікті есептеу желілерін жобалу кезінде келесі типті
кезеңдерден тұрады:

1 Талдау талаптары;
2 Жабдықтарды таңдау;
3 Техникалық модельдерін құру;

2.1. Құрылымдық кабельдік жүйеге қойылатын талаптар

Құрылымдық кабельдік жүйе (ҚКЖ) дегеніміз —

жалпы белгіленген

талаптарға сай салынған бір үйдеүйлер кешенінде телекоммуникациялық
белгілер беретін орта және кабель, коннекторлар, біріктіретін баусымдар,
кросс-панельдер, ақпараттық розеткалар және басқа жабдық кіретін кешен.

Құрылымдық кабельдік жүйе ISOIEC 11801 халықаралық стандартына
тиісті орындалады.Кабельдік жүйелер көлденең ішкі жүйелерден тұрады:

Көлденең ішкі жүйе 4 жұпты мыс кабельдің 5е категориялы
экрандалмаған есулі қос өткізгішінен ұйымдасуы мүмкін (телефондық
желілер мен ЖЕЖ өткізу).

Жұмыс орнында компьютерлерді қосу екі модульді RJ45 ақпараттық
разетка, телефондық аппарат, модем, екі күш беретін разеткалар, желіге
қосылған кепілді электр жабдықтау және бір разетк, желіге қосылған
тұрмыстық электр жабдықтауларды қосу.

Коммутациялық жабдықтауларға 19- дюймдік терңдігі 60 см құрайтын
шкафқа орнату керек.

2.1.1 Жергілікті есептеуіш желілерді белсенді жабдықтау талабы

Жергілікті есептуіш желілерлердің белсенді жабдықтар құрамына
кіретіндер: екі коммутатор виртуальді желілер технологиясының қолдауымен
және басқару желілерімен, алты концентратор, сонымен қатар маршрутизатор
желі аралық экран (firewall) технологиясымен. Белсенді жабдықтау Cisco және
Allied Telesyn компанияларымен туындайды.

2.1.2 Жергілікті есептеуіш желілерді басқару талаптары

ЖЕЖ-дің басқару жүйесі ЖЕЖ-дің барлық ақпараттық қорларын
қамтамасыздандырады.
Жергілікті есептеуіш желілерді басқару жүйесін іске асыру:
Қаттау — аппараттық және бағдарламалық құралдардың күй-жағдайлары
туралы ақпарат алу.
Жинау статистикасы және желі өнімділігінің негізгі параметрлерінің
мониторингі: пакеттерді жіберу жылдамдығы, жүктеуі, қателер дәрежесі және
т.б.;
Желілер параметрлерінің күйге келтіру мүмкіншілігі;

2.1.3 Серверлерге қойылатын талаптар

Серверлерден басқарылу бірлескен мәліметтер базасынан, орталық
файлдық серверлерден, серверлердің жұмыс топтарынан, электрондық пошта
серверлері, web- серверлер және резеритегә көшіру серверлеріне келесі
мінездеме қолданылуы керек:
— Процессорлары 2-ден кем емес,параметрлері: Pentium-III 1000 MHz,
көлемі L2-cache 256 KB төмен емес;
— жедел жады 1 GB кем емес;
— дискінің кеңістік көлемі 50 GB кем емес;
— дискілік интерфейс — Ultra-3 Wide SCSI;
— диковод CD-ROM;
— желілік карта 100Base-TX;
— серверлер серверлік бөлмеде орнатылуы тиіс.
Серверлердің маркаларын анықтау Техникалық жобаның
сатыларында туындалды.

2.1.4 Желілік опреациялық жүйелерге қойылған талаптар

Операциялық жүйе ретінде мен MS Windows 2000 Advanced Server
қолданылуын қалаймын.

2.1.5 Жұмыс станцияларына қойылған талаптары

ЖЕЖ-дің құрылымына келесі функционалды жұмыс станциялары
кіреді:
Өңдеушілерге арналған жұмыс станциларының типтері;
Басшылыққа жылдам жұмыс станциялары;
Ұйымдарға АРМ материялды техникалық және ақпараттарды қорғау
жүйесіне арналған жұмыс станциялары.
Өңдеушілерге арналған жұмыс станциялары:
— Процессор Pentium-IV 1500 Mhz, көлемі L2-cache 256 KB кем емес;
— жедел жады 512 MB;
— дискілік кеңістік көлемі 40 GB;
— дисктердің интерфейсі — Ultra-ATA100
— бейне адаптер AGP 4x 32 МБ бейне-жадысымен
— дисковод CD-ROM;
— желілік карта 100Base-TX.
— монитор 17-ден кем емес.
— ОЖ MS Windows 2000 Professional.
Басшылыққа жылдам жұмыс станциялары компьютерлік мінездемесі
келесідей;

— Процессор Pentium-IV немесе PentiumМ 1500 Mhz, көлемі L2-cache
512KB кем емес;
— жедел жады 256 MB

— дискілік кеңістік көлемі 20 GB
— дисктердің интерфейсі — Ultra-ATA100
— бейне адаптер AGP 4x 32 МБ бейне-жадысымен
— дисковод CD-ROM немесе DVD
— желілік карта 100Base-TX.
— модем 56 к
— монитор 17-ден кем емес.
— ОЖ MS Windows 2000 Professional.
Ұйымдарға АРМ материалдық-техникалық және ақпараттарды қорғау
жүйесіне арналған жұмыс станцияларының компьютерлік мінездемесі
келесідей:










Процессор Pentium-IV 1500 Mhz көлемі L2-cache 512KB кем емес
жедел жады 256 MB
дискілік кеңістік көлемі 20 GB
дисктердің интерфейсі — Ultra-ATA100
бейне адаптер AGP 4x 32 МБ бейне-жадысымен
дисковод CD-ROM немесе DVD
желілік карта 100Base-TX.
модем 56 к
монитор 17-ден кем емес
ОЖ MS Windows 2000 Professional.

2.1.6 Резервтік көшіру жүйесінің талаптары

Резервтік көшіру жүйесі келесі талаптарды қанағаттандыру тиіс:
— Сервер резервтік архивтауды өткізу және ОЖ-дің берілген
станцияларын архивтеу мүмкіншілігі.
— Әртүрлі операциялық жүйелерде жүйелік мәліметтерді резервтік
архивтеу.
— Әртүрлі қосымшаларға (Oracle, MS Exchange, Lotus Notes, MS SQL)
жұмыстың үзілмеу қосымшаларында резервтік архивтеу.
— Ашық файлдарға резервтік архивтеу.
— MS Windows 2000 Server ОЖ қайта орнату.
— Автоматтандыру операциясы тасымалдаушы резервтік көшірмесімен.

— Мәліметтерді қалпына келтіру, резервтік
архивтеу жоғары

жылдамдықта өткізіледі.
— Толық резервтік көшірмелерді (full backup) барлық … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz