Ақорда алдында Президент штандарты көтерілді — Ел жаңалықтары

0

Ақорда баспасөз қызметі Қазақстан Президентінің штандартын салтанатты түрде көтеру рәсімінің видеосын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Ақорда резиденциясы алдындағы алаңда Қазақстан Республикасы Президентінің штандартын салтанатты түрде көтеру рәсімі өтті.

Салтанатты «Айбын» президенттік полкі өткізді.

Еске салайық, 1 желтоқсанда қазақстандықтар Тұңғыш Президент күнін атап өтеді. Мереке 2012 жылдан бері тойланып келеді.