“ЖОО-дан тегін оқу грантын берейік” — Елордада мектеп оқушысы балконда ілініп тұрған баланы құтқарып қалды

0

Елордада 7-сынып оқушысы балконнан құлап бара жатқан баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Kznews.kz “Адырна” ұлттық порталына сілтеме жасап. 

Астанадағы мектептердің бірінде 7-сынып оқушысы Ақан Әкімжанов ерлік жасап, тұрғын үйдің 4-қабатының балконында ілініп тұрған баланы құтқарған. Оның бейнесі әлеуметтік желіде тараған.

Құтқарушы бала бас қаладағы №31 мектеп-гимназияның 7Д сынып оқушысы. Ол 20 мамырда аулада жүргенінде 4-қабаттың балконында ілулі тұрған баланы байқаған. Ақан бірден кіреберіске жүгіріп барып, 4-қабатқа көтеріліп, балконда құлай жаздаған 5 жасар баланы құтқарып қалғанын айтты.

Ақан Әкімжанов — көпбалалы отбасыдан шыққан.

Желі қолданушылары бұл ерлікке тәнті болғаны сонша “Қолдау көрсетіп ЖОО-дан тегін оқу грантын әперейік” деп пікір білдіруде.