Ақтөбеде жыршылар байқауы өтті

0

Астана, BAQ.KZ. Ақтөбеде «Тәуелсіздік – жыр-әнім» республикалық шығармашылық фестивалі өтті. Фестиваль аясында «Таза, мінсіз асыл сөз…» шешендік өнер байқауы, «Көмейден жыр ағылсын…» жыршылар байқауы, «Тәуелсіздік тартуы» бала ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылды. Бұл туралы aktobenews.kz сайты хабарлайды.

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы «Тәуелсіздік – жыр-әнім» республикалық шығармашылық фестивалі ұйымдастырды. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы, «Отаным-тағдырым» базалық бағыты қамтылды. Фестивальға Ақтөбе облысынан басқа ШҚО, БҚО, Атырау, Ақмола, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды, Павлодар облыстары және Астана, Алматы қалаларынан 34 оқушы қатысты.

«Таза, мінсіз асыл сөз…» шешендік өнер байқауы бойынша бас жүлдені Батыс Қазақстан облысынан қатысқан Ақгүлім Ерболова жеңіп алды. «Көмейден жыр ағылсын…» атты жыршылар байқауында Астана қаласынан Айбек Теміржанұлы,«Тәуелсіздік тартуы» атты бала ақындардың мүшәйрасы бойынша Ақтөбе қаласынан Арайлым Оразалинабас жүлдені иеленді. Байқау кезінде бас жүлде иелеріне 150 мың теңге қаржылай сыйлық берілді. Ал 1 орынға 100 мың, 2 орынға 70 мың, 3 орынға 50 мың теңге тарту етілді. Өзге қатысушылар 20 мың теңге сыйақы және алғыс хаттармен марапатталды.














 





Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ