Анасы аязда далаға тастап кеткен баланы әжесі келіп алып кетті

0
153
Сурет: өңірлік полиция департаменті

Павлодар облысында күннің суығына қарамай анасы аялдамаға тастап кеткен сәбиді әжесі келіп алып кетті, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Дәрігерлер 1,5 жасар баланың Павлодар қаласы ПБ Солтүстік бөлімінің құжаты негізінде әжесіне табысталды.

«Баланы Павлодар облыстық балалар ауруханасының мамандары қарады. Жағдайы жақсарған соң 28 қараша күні ауруханадан шығарылды. Баланы әжесі алып кетті», — деді басқармадағылар.

Еске сала кетсек, 26 қараша күні Павлодардағы автобекеттен 1,5 жастағы бала табылды. Артынша сол жердегі бейнебақылау камераларынан оны кім тастап кеткені табылды.