Home Жаңалықтар Алмазбек Атамбаевқа кесілген үкім күшін жойды

Алмазбек Атамбаевқа кесілген үкім күшін жойды

0
144
Сурет: Sdpk.kg

Қырғызстан соты Алмазбек Атамбаевтың ісін қайта қарауға жіберді. Бұған дейін кесілген үкім өз күшін жойды.

«Бұған дейінгі екі инстанция үкімінің күші жойылды. Іс Первомай аудандық сотына қайта қарау үшін жіберілді», — деп жазылған ресми хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, Алмазбек Атамбаевқа қылмыскер Азиз Батукаевты заңсыз босатып жіберді деген айып тағылып, ол 11 жылға бас бостандығынан айырылған еді.