Әміре Қашаубайұлының қабірінің басына белгі тас орнатылмақ

0

2021 жылдың 7 қараша күні халықаралық сахнада алғаш рет ерекше дауысымен қазақтың ән өнерін паш еткен, дәстүрлі әннің дүлдүлі Әміре Қашаубайұлының басына белгі тас орнату шарасы өтеді, деп хабарлайды kznews.kz сайты

Бұл игі істің идеялық бастамашысы «ән атасының» есімін иеленген ШҚО Мәдениет басқармасына қарасты филармонияның директоры, күйші-композитор Бекбосынов Айбек Серікболсынұлы болса, қаржылық демеу білдірген «Абыралы-Дегелең» қоғамдық қоры.

Атап айтқанда, «Ақшың» корпорациясының директоры, қор төрағасы Құрманбаев Марат Серікжанұлы бастаған ел азаматтары.

Алматы қаласындағы Орталық қабірстан (Райымбек батыр даңғылы, 235. сағат 10:00-де) басында өтетін шара аясында Шығыс Қазақстан облысына келген арнайы делегациямен қатар ел ағалары, зиялы қауым өкілдері, өнер майталмандары қатысады.

Артынша Әміре Қашаубайұлының рухына арнап, құран-ас беріледі.