Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке кірісті

0
1268

Бұл жаңалықты әзілкештің өзі Instagram парақшасында бөлісті.

«Құрметті достар, жағымды жаңалығымды бөлісейін. Өмірімнің өрнегі — шығармашылық жолымның жаңа белесіне қадам басқалы отырмын. 1 қарашадан бастап Қазақстанның ақпарат айдынында орны бөлек 31- арнаның ойын-сауық бағдарламарының продюсері қызметіне кірісемін.

Жуырда ғана арна басшылығы ауысып, Құрманбек Жұмағали бастаған заманауи көзқарасы бар медиаменеджерлердің жаңа толқыны келді. Қазір ұжымның қолға алып отырған жоба-жоспарлары менің де көңілімнен шықты. Бұл ауқымды тележобаларды іске асыруға үлес қосуға шақыру түскенде көп ойланбастан қабыл алдым», — деп жазды ол.

Ол өз сөзінде ауқымды теле-жобаларды іске асыру үшін үлес қосуға шақыру түскенде көп ойланбастан қабыл алғанын айтты.

«Патша көңілді көрермен көңілінен шығамыз деп ойлаймын. Ендеше, 31 арна назарда болсын!» – деп жазды шоумен.