Америкалық БАҚ: Коронавирус Қытай зертханасында жасалғаны туралы дәлелдер бар – Қазақстан жаңалықтары

0

Америкалық Fox News арнасының мәліметінше, коронавирус жұқтырған ең алғашқы адам – қытайлық Уханьның вирусология институтының қызметкері. Қауіпті індеттің таралуы туралы аталмыш нұсқаны АҚШ журналистері Қытайдың бұған дейінгі әрекеттері мен тиісті құжаттарды салыстыра отырып жариялапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Уханьдық зертханаАмерикалық телеарна хабарына сәйкес, ең алғаш SARS-CoV-2 коронавирусы жарқанаттардан зертхана қызметкеріне жұққан. Артынша әлгі зерттеуші байқамай ауру Ухань қаласында таратып жіберген. 

Десек те бағдарламаға қатысқандардың кейбіреулері коронавирус зертханада биологиялық қару ретінде емес, Қытай ғалымдарының мықтылығын дәлелдейтін құрал ретінде жасалғанын айтады. Бұл ауру арқылы Бежің вирусқа қарсы күресте Қытайдың қауқары АҚШ-тан басып озатынын көрсеткісі келіпті-міс. 

Сондай-ақ бұл жолы да Қытай ауру туралы шындықты жасырып отырғаны айтылыпты. Себебі теңіз базарында ешқандай да жарқанаттардың еті сатылмаған екен. Бұл ақпаратты Қытай билігі уханьдық зертхананы еске салмау үшін әдейі таратқан сыңайлы.

Жалпы бұған дейін Қытай коронавирусты қолдан жасады деп британиялық басылым Daily Mail айыптған болатын. Басылым мәліметіне сенсек, жұқпалы инфекция зертханадан белгісіз себептерге байланысты тарап кеткен. Олар да вирус жабайы жануардан адамға жұқты деген нұсқаны жоққа шығармапты. Алайда Қытай мемлекетнің өзі болса, бұл айыптаулардың барлығы жалған деп ақталыпты. 

 

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз