Қазақстанда тағы 36 адам коронавирус жұқтырды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

11 0 0

Елде коронавирус расталғандар саны 1331 адамға жетіп отыр. Індеттен 240 науқас жазылып, ауруханадан шықты

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір — Sputnik. Қазақстанда тағы 36 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлады шұғыл штаб.

«Қызылорда облысында — 4 адам, Павлодар облысында — 2 адам, Маңғыстау облысында — 1 адам, Шымкент қаласында — 3 адам, Батыс Қазақстан облысында — 5 адам, Алматы қаласында — 13 адам, Ақтөбе облысында — 1 адам, Нұр-Сұлтан қаласында — 5 адам, Қарағанды облысында — 2 адамда коронавирус расталды», — деп жазылған хабарламада.

Қазіргі уақытқа дейін елде 1331 адамда Covid-19 анықталды. 240 адам жазылып шықты, 16 адам қайтыс болды.

Тағы оқыңыз: Қарттар үйіне коронавирусты кім «кіргізгені» белгілі болды



sputniknews.kz