Алтынай Жорабаева «Қазақстан Республикасының құрметті азаматы» атанды (фото)

0

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Алтынай Жорабаева жаңа жыл қарсаңында ерекше марапатқа ие болды. Өнер иесі «Қазақстан Республикасының құрметті азаматы» атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл қуанышты жаңалықты әншінің өзі Instagram парақшасында бөліскен. «Барлық мақтаулар мен мадақтар тек бір Аллаға ғана тән. «Қазақстан Республикасының құрметті азаматы» төсбелгісімен марапатталдым. Егер осы марапатқа лайық болсам, мен бақыттымын. Желі қолданушылары бірден эстрада жұлдызын жарыса құттықтап, өз ақ тілектерін білдірді. «Құтты болсын», «Әбден лайықсыз. Өнеріңізді бағалаймын», «Шығармашылығыңызды дамыта беріңіз», «Жарайсыз. Сіз бұл атаққа лайықсыз», «Сіз үшін қуаныштымыз», — деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, күні кеше әнші Өмірқұл Айниязов «Құрмет» орденіне ие болды.