«Алты балаға бір бөлке нан жетпейді»: әлеуметтік нан алу үшін шектеу қойылды
Әйелдер әрқайсысына 80 теңгеден бір бөлке нан ғана берілетінін алға тартады. Сонымен қатар түске дейін сатып алып үлгерулері керек, деп хабарлайды kznews.kz сайты.
«Алты балаға бір бөлке нан жетпейді. Одан бөлек нан түске дейін ғана беріледі. Үлгермей жатамыз. Балаларды ылғи өзімізбен бірге нан алуға барғанда апара алмаймыз», — дейді көп балалы ана Ольга Вадениктова.
«Астана» телеарнасының хабарлауынша, әлеуметтік нанды сатуға шектеу енгізу қажет болған. Себебі оралдықтар құс пен малды азықтандыру үшін арзан өнім ала бастапты.
Олар алдағы уақытта жағдайдың қалыпқа келетінін айтып өтті. Сонымен қатар егер құжаттары болса, көп балалы аналар үш бөлке нан сатып ала алады.
«Көп балалы аналар мен жалғызбасты аналарға бір отбасына 80 теңгеден бірінші сортты үш бөлке нан берілсін деп хат жазып қойғанбыз», — дейді «Ақжайық» ӘКК-ның атқарушы директоры Мейрбек Нуркен.