Танымал «Поле чудес» бағдарламасы жабылып қалды

0

«Еуразия бірінші арнасы» «Поле чудес» жобасын шығаратын ВИД телекомпаниясымен келісімшартты ұзартпайтын болды. Телеарнаның мұндай шешімді қабылдауына «арнаға ұсынылған өзгертілген шарттар бойынша жаңа келісім жасаудың орынсыздығы» себеп болған, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Оның орнына, «Бірінші арна» америкалық CBS компаниясымен «Wheel Of Fortune» телешоуының ресми құқықтарын алуға келісті. 2022 жылдың қаңтарынан бастап шоу «Наше поле чудес» деген атпен шығады. Оның жүргізушшісі бұрынғыдай Леонид Якубович болып қала бермек.

Якубовичтің өзі «арнаның ВИД телекомпаниясымен қандай қаржылық байланысы бар екенін» білмейтінін, алайда шоу форматының өзгермейтінін атап өтті.