Мыңдаған әйел мен бала наразылыққа шықты: Қытаймен келісімге жол жоқ (ВИДЕО)

0
412
Boys sit on a piece of styrofoam sheet as they search for crabs in front of the Gwadar port, Pakistan April 11, 2017. REUTERS/Akhtar Soomro

Пәкістандық жүздеген әйел балаларымен Қытаймен жасалатын жол жасауға қатысты жаңа жобаның шығуына қарсылық акциясын ұйымдастырды. Себебі сол жобаға қатысты саудаға тыйым салынған болатын. Ал саудамен айналысатын балықшылар табыс табудан қалды, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Дүйсенбі күні әйелдердің көпшілігі Гвадар және Макрана қалаларында ереуілге шықты. Олар биліктегі Имран Ханды халықтың құқығын бұзды деп айыптады. Тек әйелдер емес аталмыш ереуілге студенттер, саясаттағы жұмыскерлер, жұмысшы әйелдер де қатысты. Олар Гвадар қаласына Турбат, Ормар, Джевани, Пасни секілді райондардан келді. Ереуілшілер митингіні Әл-Джохар мемлекеттік мектебінде бастады.

Халық үкіметке қарсы бірнеше плакаттар алып шықты. Ол жерде «Гвадарға құқық берілсін» деген секілді слогандар болды.