Алмазбек Атамбаевты камерадан іш киіммен сүйреп шығып, сотқа әкелді

0

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев сотқа күштеп жеткізілді, деп хабарлады оның адвокаты Замир Жоошев.

Экс-президент Бішкектің Бірінші Май аудандық сотында өткен сот отырысына әкелінді.

«47-колонияның қызметкерлері оны футболка мен іш киіммен камерадан күштеп шығарып, тәртіп сақшыларына тапсырды. Күзетшілер оны қарға сүйреп апаруға құқылы ма еді? Ол үшін сот емес, өмірі мен денсаулығы маңызды. Сондықтан ол көліктен түсуден бас тартты. Атамбаевтың денсаулығының нашарлығын дәрігерлердің қорытындысы дәлелдеп отыр» деп жазды Жоошев.

Келіссөздерден кейін Атамбаев қайтадан ИК-47-ге жеткізілді. Қой-Таш оқиғасы бойынша сот отырысы оның қатысуынсыз басталды. Адвокат дәрігерге сілтеме жасай отырып, оның қорғауындағы адамның ауыр сырқат екенін, оны қамауға алуға және сотқа қатысуға осы жағдайдың кедергі келтіретінін айтты.

Алмазбек Атамбаев 2019 жылдан бері қамауда отыр. Оған қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалған. 2020 жылғы қазан оқиғасы кезінде саясаткер Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторынан босатылғанымен, бір аптадан кейін ұсталды. Кейін экс-мемлекет басшысына бас бостандығынан айыру жазасына кесілген қылмыстық істер қарауға жіберілді.

Сот оны криминалдық аторитет Әзіз Батұқаевты босату ісі бойынша 11 жыл екі айға бас бостандығынан айырды. Қазір Атамбаев денсаулығына байланысты №47 колонияда отыр. Адвокаттар бұрынғы президенттің инфаркт алдындағы жағдайы бар екенін және емделуге мұқтаж екенін айтты.