Алматыға блокпост қойыла ма – Бекшин жауап берді

0

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қаланың «қызыл» аймаққа кіруіне және карантиннің күшейтілуіне байланысты Алматы маңында бақылау бекеттері қойыла ма деген сұраққа жауап берді.

«Бүгінгі күні критерийлер әзірленді және қазіргі кездегі сырқаттану Алматы қаласының периметрі бойынша жол тосқауылдарын орнатуды, сондай-ақ әуе қозғалысын шектеуді білдірмейді. Қолданыстағы шектеу шаралары инфекцияның таралуын болдырмауға жеткілікті,» деді Бекшин.

Естеріңізге сала кетейік, карантин Алматыда 1 ақпаннан бастап күшейтіледі.

Сауда орталығы демалыс күндері жұмысын тоқтатады. Кинотеатрлар мен театрлар жабық болады. Базарлар мен қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы шектеулі болады.