Алматыдан Қарағандыға 6 мың теңгеге ұшақпен жетуге болады — Қазақстан жаңалықтары

0

FlyArystan әуе компаниясы Қазақстанның төртінші қаласына әуе рейсін қосты. Осылайша, Алматыдан Қарағандыға бір бағытта 5 999 теңгеге ұшуға болады, деп хабарлайды әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Алматыдан Қарағандыға 6 мың теңгеге ұшақпен жетуге болады

Алматы-Қарағанды-Алматы рейстері 2 мамырдан бастап қолжетімді болады. Бір бағытқа арналған билеттің құны – 5 999 теңге. Ұшу ұзақтығы – бір жарым сағат.

Қазақстандықтар Алматыдан Қарағандыға 180 орынға есептелген Airbus A320 әуе кемесімен ұша алады. 

Айта кетсек, бұған дейін Тараз, Орал, Нұр-Сұлтан қалаларына ұшатын әуе рейстері қосылған еді. Алматыдан Таразға 4 999 теңгеге, Оралға 12 999 теңгеге, Нұр-Сұлтанға 6 999 теңгеге жетуге болады. 

 

stan.kz