Follow me to Qazaqstan: танымал отандық режиссер еліміз жайлы ең керемет видео түсірді — Қазақстан жаңалықтары

0

Айсұлтан Сейітов #Followmeto  жобасының авторларымен бірге Қазақстан жайлы ең әдемі видео түсірді, деп жазады Stan.kz

Айсұлтан Сейітов танымал #Followmeto жобасының авторлары Мұрат және Наташ Османнмен бірге Қазақстан туралы видео түсірді. Видеода еліміздің ең әдемі, көрікті жерлері көрсетілген. 

Видеоны көрген желі қолданушыларының басым көпшілігі Қазақстанға тағы бір мәрте ғашық болғанын жасырмай, пікір қалдырудан бір-бірімен жарысты. 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстаннан шыққан жас, дарынды режиссер Айсұлтан Сейітов өзінің шеберлігімен әлемдік деңгейдегі жұлдыздарды таңғалдырып, Голливудты бағындырған отандастарымыздың бірі. Оның қысқаметражды «Шакал» атты фильмі  Hollywood Boulevard Film Festival кинофестивалінде бас жүлдені иеленген. 

Сейітов режиссурадағы алғашқы жолын Ғалымжан Молданазар, Ninetyone сынды танымал қазақстандық әншілер мен топтарға бейнебаян түсіруден бастаған. Жақында ол Offset, 21 Savage сынды әлемдік деңгейдегі реп жұлдыздарымен тығыз жұмыс жасап, оларға бейнебаян түсіріп берді. 

 

stan.kz