Алматыдағы ұшақ апатының екі себебі зерделеніп жатыр

0
18

Роман Склярдың мәліметінше, қазіргі кезде ұшақ апатының екі себебі пысықталып жатыр. Біреуі пилоттың қателігі болса, екіншісі – техникалық ақаулық

НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Алматы түбінде болған ұшақ апатының мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің мәліметінше, қазіргі кезде ұшақ апатының екі себебі пысықталып жатыр. Біреуі пилоттың қателігі болса, екіншісі – техникалық ақаулық.

«Ұшақ көтерілгенде арты екі рет жерге тиген. Сосын бірден оңға қарай қисайып кеткен. Ұшу жолағы мінсіз болған. Борттағы жазу аппараттары табылды», – деді Скляр Алматы әуежайында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, 49 адам ауруханада жатыр. Олардың ішінде 18 жолаушы аса ауыр жағдайда. Ұшқыштардың біреуі қаза болды, тағы біреуі жансақтау бөлімінде жатыр.

«Дәм-тұзым таусылмапты»: Айгүл Иманбаева құлаған ұшаққа билет таппаған айтты 

Министр ресми мәлімет бойынша 12 адамның көз жұмғанын растады.

Алматыдағы трагедия

Қайғылы оқиға бүгін таңғы жетіде Алматы түбінде болды. Алматы әуежайынан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан Fokker 100 ұшағы көп ұзамай Талғар ауданындағы елді мекенге құлады.

Ұшақ бортында 93 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған.

Полиция әзірге 12 адамның қаза болғанын растады. Көз жұмғандар арасында Informburo.kz ақпарат агенттігінің шығарушы редакторы Дана Круглова бар.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мерт болғандардың жақындарына көңіл айтты. Сонымен қатар, кінәлі тұлғалар қатаң жазаланатынын жеткізді.

 



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз