Bek Air әуе борты экипажымен болған әңгіменің аудижазбасы табылды — Қазақстан жаңалықтары

0

РЕН ТВ арнасы Bek Air әуе компаниясының Fokker 100 жолаушылар лайнері диспетчерлер арасында болған әңгіменің аудиожазбасын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Аудиожазбаға сәйкес әуе борты штаттық режимде ұшуға дайындалыпты. Диспетчерлер Fokker 100 ұшағын тізгіндеген пилоттардың ұшуына рұқсат берген екен, бірақ артынша олармен байланыс жоғалып кеткен. 

Содан кейін ұшып-қону жолағына Air Astana әуе компниясының 671-ші нөмірлі рейсі келіу керек болған. Әуежай қызметкерлері олардың күте тұруын сұрапты. 

Аудиожазбадағы диспетчер мен экипаж құрамының әңгемесі: 

«БекЭйир 2100, 040 градстық жел, оң жақтық 05, ұшуға рұқсат беремін», — дейді диспетчер

«Оң жақтық 05, 2100, сәтті күн тілейміз», — деп жауап беріпті ұшқыш. 

«»Жолдарыңыз болсын!»- — дейді әуежай қызметкерлері. 

Содан кейін диспетчер бірнеше рет ұшып кеткен борт экипажын шақырмақшы болады:

«БекЭйр 2100, Алматы-Бөлім»…

«БекЭйр 2100, Алматы-Бөлім»…

«БекЭйр 2100, Алматы-Айнал»…

Ұшқыштармен тілдесе алмаған диспетчер келесі лайнердегі пилоттарға ескерту жібереді:

«Astana 671, біз Fokker 100 қайда екендігін білмейміз«.

Содан кейін дабыл қағылады.

«671, 05 жолағында техника бар. Дабыл қағылғандықтан жолақпен құтқару техникасы жүретін болады», — деп аяқтайды сөзін диспетчер.

 

 

 

stan.kz