желіде сәбиді құтқару сәті түсірілген видео тарады

0
31

Соңғы деректер бойынша, жолаушылар ұшағы апатынан 12 адам көз жұмды, бортта 93 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі болған

НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан – Sputnik. Әлеуметтік желілерде Алматы маңында құлаған ұшақтың бортында болған сәбиді құтқару сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жолаушылар ұшағы құлаған орында түсірілген видео инстаграмдағы ztb_video паблигінде жарияланды.

Кадрдан құтқарушының құшағындағы сәбиді қауіпсіз орынға апара жатқаны көрінеді.

Желі қолданушылары сәбидің тезірек сауығып кетуін тілеп, ізгі ниетін білдіріп жатыр.

«Алланың бергені аман болсыншы, ата-анасымен тез қауышып, бәрі жақсы болсын», «ата-анасы тірі болып, тез арада табылсыншы», «Балапан, аман бол ботақан», – деп жазды қолданушылар.

Алматыдағы трагедия

Қайғылы оқиға бүгін таңғы жетіде Алматы түбінде болды. Алматы әуежайынан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан Fokker 100 ұшағы көп ұзамай Талғар ауданындағы елді мекенге құлады.

Ұшақ бортында 93 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған.

Соңғы деректерге сүйенсек, 12 адам қаза тапты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мерт болғандардың жақындарына көңіл айтты. Сонымен қатар, кінәлі тұлғалар қатаң жазаланатынын жеткізді.

Тағы оқыңыз: «Дәм-тұзым таусылмапты»: Айгүл Иманбаева құлаған ұшаққа билет таппағанын айтты

Премьер-министр Асқар Маминнің басшылығымен арнайы үкіметтік комиссия құрылды.

Трагедиядан кейін Fokker 100 ұшақтарын пайдалануға уақытша тыйым салынды. Сонымен қатар, «Бек Эйр» әуе компаниясының қызметі де уақытша тоқтатылды.

Қазақстан президенті 28 желтоқсанды жалпыұлттық аза тұту күні ретінде жариялады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз