Алматыдағы ұшақ апаты: қанша адам қаза тапқаны белгілі болды

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұшақ бортында болған төрт адам қаза тапқанын, екеуі зардап шеккенін мәлімдеді , — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Зардап шеккен екі адам Алматы облысы Іле аудандық ауруханасына жеткізілді. Олардың жағдайы туралы әлі ештеңе білмейміз. Алматы әуежайына 10 жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Өрт сөндірілді», — деді ведомство өкілі.
«Бүгін сағат 17.20 шамасында Алматы әуежайына қонуға бет алған кезде Нұр-Сұлтан-Алматы бағыты бойынша келе жатқан Ан-26 әуе кемесімен байланыс үзілді.
Бірден дабыл жарияланды, әуежайдың апат-құтқару қызметкерлері оқиға орнына шықты. Алдын ала ақпарат бойынша, борт ұшу-қону жолағының ұшында апатқа ұшырады», — делінген Алматы әуежайының Facebook-тегі хабарламасында.